Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
3501 0 пікір 14 Сәуір, 2021 сағат 12:26

Пандемия жұмыс сапасына әсер етпеуі тиіс

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстанның қосылуына қатысты бірқатар түзетулер енгізетін халықаралық келісімдерді қарады.

Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халықаралық шарттарды ратификациялау рәсімдерінің мерзімдері кейбір министрліктер тарапынан жүйелі түрде бұзылатынына назар аударды.

Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы маңызды ратификацияны келісудің мемлекетішілік рәсімдерін өткізу бір жылдам астам уақытқа созылған.

Осы орайда, Нұрлан Нығматулин, әрине, коронавирус індетін алға тартуға болар, бірақ ол біздің елде ғана емес, бүкіл әлемді жайлағанын айта келіп:

- Пандемия министрліктер жұмысының қарқынын, сапасын және жауапкершілігін төмендетуге себеп болмауға тиіс. Бұл жерде басты мәселе, құзырлы министрліктер мен құрылымдардың бірлескен жұмысына байланысты. Жалпы айтқанда, халықаралық келісімдерді уақытылы ратификациялау интеграциялық процестер үшін өте маңызды, -  деді Нұрлан Нығматулин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159