Сенбі, 23 Қараша 2024
Жер комиссиясы 6066 19 пікір 17 Сәуір, 2021 сағат 19:15

Жерді жекеге берсек, «кішкене мемлекеттер» пайда болады

Бүгін Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан мырза бірнеше комиссия мүшелерінің аты-жөнін атап, олардың жерді жеке меншікке беру бастамасын көтеріп, қолдап шыққанын өзінің «Фейсбуктегі» жеке парақшасына жазып шығарды.

Олар: Алмасбек Садырбай, Рахым Ошақбаев, Болатбек Нажмединұлы, Айдарбек Қожаназаров, Керімхан Егізбаевтар екен.

«Жеке меншік» деген де «Құрттың атын жаңылтып малта қою». Оның нақ аты - сату!

Жерді қазақстандықтарға сатуға ешқашан жол беруге болмайды!

Сол үшін, жерге байланысты заңдағы «Жер учаскесіне жеке меншік құқығы»  деген ұғымды жойып, оның орнына «Жер учаскесін жалға беру» деген ұғымды пайдалану керек.

Жер кодексінің 3-бабындағы «Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн», -деген норманың «Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады», - дегенді қалдырып,  «Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн», - деген бөлігін аталған кодекстен алып тастау керек. Жұрт көңілі сонда ғана тыншиды.

Мен тағы қайталап айтайын, жер қазақстандықтарға сатылатын болса, онда байтақ Қазақстанның ішінде кішкене «Қазақстандар», «Орысстандар», «Кәрісстандар» пайда болады. Бірінің жерінен екіншісінің «территориясына» өту үшін  «виза алуыңа» тура келетін жағдай туындайды.

Бір мысал келтірейін, анау бір жылы кеше ғана өмірден оған қазақтың аса көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділов Алматы облысының Көлсай маңына құдаларының ауылына барады. Ары қарай Көлсай жаққа өрлеп, бір сайдың аузына барса, алдынан «Өтуге болмайды!», - деп, автомат асынған екі-үш жігіт шығды. «Ау, көкелер, Құдайдың жері ғой бұл, кішкене орман аралап, серуен құрып қайтайық», - десе, ана жігіттер: «Бұл Құдайдың жері емес, қазір Амангелді Ермегияевтің жері бұл!», - деп мылтықтарын сатыр-сұтыр еткізіп, күш көрсетеді...

Қабекең соны айтып, кезінде сұхбат берген болатын. Керек болса, жазушының кітаптарынан сол сұхбатты тауып шығып, қайта жариялауға болады.

Демек, қазақ жері қазіргі таңда дәл осы «кішкене мемлекеттерден құралған одақтың» күйінде тұр. Сенбесеңіз, Кулагиннің сексен мың гектар жерінің шетін басып көріңізші, оққа ұшуыңыз мүмкін... Бұл - аса қауіпті жағдай!

Мен сенем, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жер реформасын жүргізіп, осы қауіптің алдын алмаққа әрекет жасауда. Бұл - өте дұрыс қадам, тарихи бұрылыс!

Сол үшін, жер  қазақстандықтарға сатылмауы керек! Тек, берілетін көлемі жағынан жоғарғы шегін белгілеп, 49 жылға жалға беруге болатын шығар.

Осы жерде Мұхтар Тайжан бастаған Жер комиссиясының мүшелері тек Үкімет жасап берген жобаның шеңберінен шығып, Жер кодексіне жаңа баптар ұсынуы, бұрынғы белгілі бір топтардың мүддесін қорғауға апарып соқтыратын нормаларды алып тастау немесе түзету жағана да баса мән бергені жөн.

Жерге бірінші кезекте қарапайым ауыл халқының қолы жететін шарт-жағдай жасау керек заңмен!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz  

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470