Дәрігерлер алтыаяқты ұлдың өмірі үшін күресуде
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жұма, 13 сәуір күні Пәкістанның Суккур қаласында алты аяғы бар нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Утро.ру.
Бала жергілікті госпитальдардың бірінде жұмыс істейтін Имран Шейхтың отбасында дүниеге келді. Босану ауыр болғандықтан әйелге кесар тілігін жасауға тура келген. The Daily Mail-дың жазуынша, қазіргі кезде анасы мен баласы өздерін жақсы сезінуде.
Дәрігерлер нәрестенің жағдайын бақылап, оның артық аяқтарын алып тастау бойынша отаны өткізуге дайындалуда. Ақшаны баланың ата-анасы қаржылық көмек көрсетуді сұрап барған - жергілікті билік төлейді. Алғашқы рет нәрестелі болған әке айына 6 мыңға жуық рупий (3,5 мың рубль) табыс табады, сондықтан дәрігерлерге жұмыстары үшін ақша төлеуге отбасының мүмкіндігі жоқ. Отаның бағасы 200-ден 300 мың АҚШ долларына дейін тұрады.
Дәрігерлер артық аяқтар генетикалық мутацияның салдары, не анасының құрсағында дамымай қалған паразит-егіздерге тиесілі екендігін анықтайтын болады. Бірқатар фактор бірінші болжамға жақын келеді, себебі баланың әкесі қызметі бойынша рентген аппаратымен жиі жұмыс істейді. Онымен қоса, ол әйелімен жақын туыстар - немерелі аға-қарындас болып табылады.

2007 жылы Үндістанда есімін Лакшми Татма деп қойған қыз бала дүниеге келген еді. Онда артық екі қол мен екі аяқ болды. Үш жылдан кейін, оларды кесіп алып тастау бойынша 36 хирург дәрігердің жасаған операциясы сәтті өтті.