Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3020 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 09:17

Қазақстанның жоғары басқарушылық элитасы өкілдерінің тізімі жасалды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер» қоғамдық қоры Қазақстанның жоғары басқарушылық элитасы өкілдерінің тізімін жасады.

Бұл туралы «Экспресс К» газеті «Респект и уважуха» мақаласында (18.04.2012 жылғы № 68 (17426))  жазды.

Тізімде бірінші болып Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Абықаев тұр. Екінші орында - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тізімде үшінші болып тұр. Төртінші орында - Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин. Қазақстанның жоғары басқарушылық элитасының белді өкілдерінің бестігін Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко тұйықтады.

Құрметті тізімнің алтыншы орнына - «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев орналасты. Жетінші орында - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Болат Өтемұратов рейтингтің сегізінші орнын иеленді. Тоғызыншы орында - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Құлыбаев тізімнің оныншы орнынан көрінді. Қазақстан Президенті бұл тізімге енгізілген жоқ.

Әлеуметтанушылар анықтап бергендей, Нұрсұлтан Назарбаев сауалнамаға қатысушы ретінде әу баста қарастырылмаған. «Біздің мақсатымыз басқарушылық элитаны бағалау болды, ал Президент одан жоғары тұр», - деп айтты қордың сарапшысы Серік Бейсембаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 949
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2441
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 652
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 635