Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2247 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 11:28

Атырауда көкөністерге баға 300 пайызға дейін қосып сатылады - салық инспекциясы

АТЫРАУ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау базарларында көкөністерге бағаны қосып сату 150-ден 300 пайызға дейін жетеді.

Мұндай қорытындыны көкөністер мен жемістердің облысқа жеткізілу және сатылу бағаларын салыстырған қалалық салық инспекциясының қызметкерлері жасады.

Мәселен, көлік шығындарын қоса есептегенде картоп бір келісі үшін 20 теңгемен түсіп, 60 теңгеге сатылады. Сәбіз көлік шығындары мен ҚҚС-ты қоса есептегенде 31,4 теңгемен түсіп, 65 теңгеге сатылады. Қырыққабат пен пиязға бағаны қосып сату сәл азырақ болғанымен, мұнда да бастапқы бағадан 150 пайыздан кем болмай тұр.

Салық инспекциясының қызметкерлері, сондай-ақ көлік шығындары аз және қосылған құн салығы жоқ жергілікті көкөністер, сырттан әкелінетін көкөністермен бірдей бағаға сатылатынын айтып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394