Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жер комиссиясы 5546 12 пікір 24 Сәуір, 2021 сағат 13:48

Жер комиссиясы Жер дауының нүктесін қойды

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Жер комиссиясының бесінші отырысы өтті. Онда негізінен Қазақстанның ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерге қатысты жеке меншік институтын қалдыру я қалдырмау мәселесі қаралды. 

Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжанның айтуынша, комиссия отырысында жерді жеке меншікке беру мәселесіне тағы 5 жыл мораторий жариялау туралы шешім қабылданған.

«Жаңа ғана Жер комиссиясының 5-ші отырысы аяқталды. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығына арналған, яғни, миллиондаған гектар жерлер жеке меншікке берілмейді. Мороторий тағы 5 жылға ұзартылды. Бірақ, мәселе әлі түбегейлі шешілген жоқ. Сондықтан, біз бұл мәселені әрі қарай да қадағалап отыруымыз керек.

Алдағы 5 жылда миллиондаған жерлеріміз, яғни, Қазақстанның 80 пайызы жеке меншікке кетпейді. Бұл да нәтиже», - деді Мұхтар Болатханұлы.

Естеріңігзе сала кетейік, бұған дейін 17 сәуірде өткен Жеркомның жұмыс тобының отырысында екі жұмыс тобының нақты ұсыныстары дауысқа салынған. Нақты қандай ұсыныстар талқыға түсіп, дауысқа салынғанын Жер комиссиясыынң төрағасы, ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеген. Олар:

Бірінші мәселе – қолданыстағы А/Ш жерлерін Қазақстан азаматтарына жалға беруді жаңа мерзімге ұзартуға басымдық беру арқылы А/Ш жерлерін 49 жылға дейін жалға беру бойынша тиісті заң нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс.

Екінші мәселе – Қазақстан азаматтарына А/Ш мақсатындағы жер учаскелерін жалдау құқығын мемлекеттен сатып алмай, иеліктен шығару мүмкіндігін беретін заң нормаларын сақтап қалу, тиісті заң нормалары мен актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс.

Үшінші мәселе – ҚР тұтас аумағы бойынша елді мекендер төңірегіндегі жайылымды жерлер тапшылығы мәселесі бойынша арнайы талдау жүргізіліп, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі проблемаларын шешу туралы ұсыныс.

Төртінші мәселе – Қолданыстағы ҚР Жер кодексінің 50 бабының 4 тармағындағы ҚР А/Ш мақсатындағы жер учаскелерінің шектік мөлшері туралы нормаларды бекіту, сол арқылы ірі жер иеленушілерін болдырмау мәселесі. Бұл ұсыныстың нақты шешімі заңнамада бар болғандықтан, бұл ұсыныс комиссия талқысынан алынып тасталды.

Бесінші мәселе – ҚР Мемлекеттік органдарының шешімдеріне сәйкес, әкімшілік шекаралар өзгерген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерінің құжаттарын сәйкестендурі, қайта даярлау үшін бюджеттен арнайы қаражат бөлуді көздейтін заң нормасын енгізу туралы ұсыныс.

Алтыншы мәселе – Субаренда мәселесі. ҚР ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін субарендаға беру қолданыста бар заңнамада қарастырылмағандықтан, ол сұрақ комиссияның күн тәртібінен алынған.

Жоғарыда аталған мәселелер бір апта бойы Жер комиссиясының арнайы құрылған жұмыс топтарында талқыланған. Оған комиссия мүшелері түгел дердік атсалысқан. Комиссия отырысна қатысқандардың көпшілігі аталған ұсыныстарды қолдап дауыс берген. Қарсы дауыс жоқ. 4 адам қалыс қалған.

«Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Шындығын айтқанда, бүгін үлкен маңызы бар шешім қабылданды. Бұл шешім жерді экономикалық айналымға енгізуге толықтай мүмкіндік береді деп айта аламын», - деді комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов.

Айтпақшы, осыған дейін 3 сәуірде өткен Жер комиссиясының отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов Жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданғанын айтқан еді.

«25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның А/Ш мақсатындағы жерлерін шетелдіктер мен шетелдік компанияларға беруге толық тыйым салу туралы шешім шығарып, ол Заң жобасы ретінде Парламенттің қарауына енгізілген», - деген еді.

Аталған Заң жобасы бойынша Қазақстанның А/Ш жерлерін шетелдіктерге, шетелдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, Халықаралық ғылыми орталықтарға және қандастарға беруге Заң жүзінде тыйым салуды көздейтін баптар енгізілген.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3324
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6049