Сейсенбі, 27 Қазан 2026
4422 3 пікір 27 Сәуір, 2021 сағат 12:28

Мәулен Әшімбаев вирус жұқтырды

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Сенат төрағасы Facebook парақшасында хабарлады. Парақшасына ол:

"Құрметті достар!
Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.
Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік.
Аман болыңыздар!"

Енді Сенат төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1224
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1718