Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2560 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 07:09

"Қазақ ұлтшылдары Павлодардағы орысша атауларды құртуға кірісті"

Орыстарға таң қалам. Әйтеуір болмайтын жерде бүйректен сирақ шығаруға бейім. Ең сорақысы басқа мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғуды олар қалыпты нәрсе сияқты қабылдайды. Мұндай көрініс әсіресе орыстың тілі мен мәдениетіне қатысты мәселеде көп байқалады. ТМД елдерінің қай-қайсысында болмасын орыс тілі ресми мәртебесінен айырылса немесе онсыз да көп орыс мектептерінің бірі жабыла қалса, олар бүкіл ұлттың болашағына қауіп төнгендей шу шығарады. Ол елдің өзінің мемлекеттік мүддесі мен ұлттық құндылықтары бар екенін ескергісі келмейді. Бұл Патша үкіметі мен Кеңес одағы кезіндегі алып аймақтан айырылып қалған Ресейдің соңғы ышқынысы сияқты көрінеді екен. Жұртқа жеккөрінішті болып кеткен «Орыс шовинизмін» қазір еш жерде жақтырмайды. Бұл жағдай орекеңдерді екіұдай күйде қалдырып отыр. Олар бұрынғы Кеңес республикалары орыс мәдениетінен бас тартпауы тиіс, Орыс тілі ғана оларды ұшпаққа шығарады,-деген тұрпайы түсініктен әлі арыла алмай келеді. Сондықтан Тәуелсіз мемлекеттерде жүргізіліп жатқан отарсыздану саясатына қасақана кедергі келтіруде. Бүгінгі Орыс шовинистері бұрынғы империяны аңсаумен өмір сүреді. Олардың ең басты қателігі де - осы. Империяның уақыты келмеске кеткенін, ТМД мемлекеттерінің енді тәуелсіздікті тәрк етіп, орысқа қайта бодан болуға құштар емес екенін түсінгісі жоқ.

Орыстарға таң қалам. Әйтеуір болмайтын жерде бүйректен сирақ шығаруға бейім. Ең сорақысы басқа мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғуды олар қалыпты нәрсе сияқты қабылдайды. Мұндай көрініс әсіресе орыстың тілі мен мәдениетіне қатысты мәселеде көп байқалады. ТМД елдерінің қай-қайсысында болмасын орыс тілі ресми мәртебесінен айырылса немесе онсыз да көп орыс мектептерінің бірі жабыла қалса, олар бүкіл ұлттың болашағына қауіп төнгендей шу шығарады. Ол елдің өзінің мемлекеттік мүддесі мен ұлттық құндылықтары бар екенін ескергісі келмейді. Бұл Патша үкіметі мен Кеңес одағы кезіндегі алып аймақтан айырылып қалған Ресейдің соңғы ышқынысы сияқты көрінеді екен. Жұртқа жеккөрінішті болып кеткен «Орыс шовинизмін» қазір еш жерде жақтырмайды. Бұл жағдай орекеңдерді екіұдай күйде қалдырып отыр. Олар бұрынғы Кеңес республикалары орыс мәдениетінен бас тартпауы тиіс, Орыс тілі ғана оларды ұшпаққа шығарады,-деген тұрпайы түсініктен әлі арыла алмай келеді. Сондықтан Тәуелсіз мемлекеттерде жүргізіліп жатқан отарсыздану саясатына қасақана кедергі келтіруде. Бүгінгі Орыс шовинистері бұрынғы империяны аңсаумен өмір сүреді. Олардың ең басты қателігі де - осы. Империяның уақыты келмеске кеткенін, ТМД мемлекеттерінің енді тәуелсіздікті тәрк етіп, орысқа қайта бодан болуға құштар емес екенін түсінгісі жоқ. Орыс сайттарының бірінде жарияланған «Қазақ ұлтшылдары Павлодардағы орысша атауларды құртып жатыр» деген мына мақаладан да осындай астам пиғыл аңғарылады. Онда туған қалаларының қазаққа мүлде қатысы жоқ, біздің елге бірде-бір еңбегі сіңбеген қайдағы бір келімсек әулиенің есімімен аталатынына намыстанған қазақ жастарының бастамасы сынға ұшыраған. Қазақ Оқырманына оны қаз-қалпында аударып беріп отырмыз.

Қазақ ұлтшылдары Павлодардағы орысша атауларды құртуға кірісті

«Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстандағы Павлодар қаласында болған бір оқиғаны түсірген бейнеролик пайда болды. «Қазақ ұлтшылдарының Павлодардағы акциясы» деп аталатын бұл роликте қазақ ұлтшылдары қаладағы орысша көше атауларын қазақ есімдерімен қалай алмастырғаны баяндалыпты. Мәселен, Кутузов көшесіне олар өз беттерімен Мәшһүр Жүсіптің есімін берген, Қамзин көшесін Абай деп ауыстырыпты..Ал Короленко көшесін Бұқар жырау деп өзгерткен. Айта кетерлігі роликті көргендердің біреуі оның астына былай деп ашынып пікір жазып қалдырған екен: « Павлодардағы қазақ ұлтшылдарының осындай әрекеті әркез жазасыз қалады. Соңғы кездері Қазақстанда тұрпайы қазақ ұлтшылдығы күш алып барады. Бұның кері әсерін ең алдымен Қазақстандағы өзге халықтар сезініп отыр». Интернет пайдаланушы бұдан ары қарай «Мен өзімнің орыс екенімді, бірақ националист еместігімді бірден ашып айтамын. Мен біздің көпұлтты Қазақстанда барлығының бейбіт өмір сүргенін және елді гүлдендіруге бір кісідей атсалысқанын қалаймын. Тарихқа көз жүгіртсек, ұлтшылдыққа бой алдырған біртұтас халқы жоқ мемлекеттер әрқашан тұрақсыздыққа тап болған. Елдің даму деңгейі төмендеп, тоқырауға ұшырап отырған. Мен мемлекеттік тілге қарсы емеспін. Бірақ бұл балалардың әрекеті орысты жек көрушіліктен туған тұрпайы ұлтшылдық екені анық байқалып тұр». Сөз соңында айтарымыз, Павлодар қаласының атауын бұған дейін «Кереку» деп өзгертуге талпыныс жасалған болатын. Бұл сөздің түп-төркіні осы өңірдегі «Коряковка» деген қоныстан шықса керек. 1861 жылдан кейін ол қала мәртебесіне ие болып, қазірге дейін атауы өзгермей келе жатыр».

Тәржімалап, пікір жазған Жолымбет Мәкішев

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364