Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5160 2 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 12:33

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды

28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Қақтығысқа екі ел азаматтары қатысқан.  Қос тараптан 100-150 адам жиналып, бір-біріне тас лақтырған.  

Қақтығыс Тәжікстанның бейнебақылау камерасын су қоймасының маңына орнатуынан туындаған. Тәжік тарапы камераны суды әділетті бөлу процесін бақылау мақсатында орнатқан. Дәл сондай бақылау камерасын Қырғызстан бұдан бірнеше ай бұрын орнатқан еді.

Қақтығыста екі тараптан да жарақат алғандар бар. Тәжікстан тарапынан 15 тұрғын, Қырғызстан тарапынан 2 тұрғын тас тиіп, жараланған. Қазіргі уақытта тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 868
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2268
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562