Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
6516 0 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 12:55

«Жеңіс» парадына қатысты Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жеңіс күнін» атап өтуге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қала тұрғыны: «Биыл Жеңіс күнін атап өту қалай болмақ? Әскери шеру мен «Мәңгілік полк» шеруі ұйымдастырыла ма?» - деген сұрақ қойды.

Денсаулық сақтау министрі бұл сұрақтарға нақты жауап берді.

«Біз әр парадқа тиянақты түрде дайындалып, асыға күтетініміз рас. Бірақ өкінішке орай, қазір Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймақтың ішінде тұр. Сондықтан, биыл Нұр-Сұлтан қаласында да, басқа аймақтарда да әскери парад ұйымдастыру ойластырылмаған. Менің ойымша жағдай жақсарған соң, біз жақын аралықта міндетті түрде осындай ауқымды шараларды өткізетін боламыз», - деді Алексей Цой.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 965
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2477
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 671
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644