Жексенбі, 9 Мамыр 2021
1975 0 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 13:20

Әлемде 150 миллион адам вирус жұқтырған

Пандемия басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 150 миллион адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің зерттеушілері хабарлады. 

Қазіргі таңда әлемнің 192 елінде 150530783 адам вирус жұқтырған. Көз жұмғандар саны 3165978 адамды құрайды.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр, онда 32 миллион адамнан вирус анықталған. Артынша 18,7 миллион вирус жұқтырғандар тіркелген Үндістан мен 14,5 миллион вирус жұқтырушылар тіркелген Бразилия тұр.

Abai.kz

0 пікір