Жексенбі, 9 Мамыр 2021
2253 2 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 13:29

Еуропарламент Ресейге санкция енгізбек

Бейсенбі күні Еуропарламент Ресей армиясы Украина аймағына басып кірсе, Мәскеуге қарсы қатаң сакциялар енгізуді көздейтін резолюция жобасын мақұлдады.

Қамаудағы ресейлік оппозициянер Алексей Навальныйдың құқықтарының бұзылуына, орыс күштерінің Украина шекарасына жақын жерлерге топталуына және орыс арнайы қызметтері айыпталып жатқан 2014 жылы Чехиядағы қару сақтайтын қойманың жарылуына байланысты қарсы шара қолданатын резолюцияны 569 депутат қолдап, 67-сі қарсы дауыс берген.

Құжатта Ресей армиясы Украина аймағына басып кірсе, Мәскеуге қарсы қатал санкциялар енгізу жазылған. Олардың арасында Ресейдің банк төлемдерінің халықаралық SWIFT жүйесін өшіру, Ресейден мұнай және газ импортына эмбарго кіргізу, ресейлік олигархтар мен олардың мүшелерінің ЕО аймағына кіруіне тыйым салу, олардың активтерін қамауға алу, "Солтүстік ағым — 2" газ құбыры құрылысын тоқтату, Навальныйды қуғындауға қатысқан адамдарға санкция салу, Чехияға қолдау көрсету ретінде ЕО-одағы орыс елшілерін шығару және коррупцияға қатысты қылмыс жасағандар үшін "Магнитский заңының" еуропалық баламасын әзірлеу.

Ресейді SWIFT жүйесінен өшіру және газ бен мұнай сатып алуды тоқтату жөніндегі ұсыныстар осыған дейін айтылып келген. Еуропарламент депутаттары мұндай шаралар Ресейді Украинаға қарсы агрессивті жоспарларынан бас тартуға мәжбүрлейді деп есептейді.

Европарламент қаңтарда Алексей Навальный қамауға алынғаннан кейін "Солтүстік ағын — 2" жобасын тоқтату және олигархтарға қарсы санкция салу секілді ұсыныстар берген. Бірақ ЕО онда Ресейдің бірқатар күш құрылымдары мекемелерінің басшыларына ғана санкция салған.

Осыған дейін ЕО сыртқы саясат саласының басшысы Жозеп Боррель Еуропарламент сессиясында сөйлеп, Ресейді SWIFT жүйесінен өшіру және "Солтүстік ағын —2" газ құбыры құрылысын тоқтату Еуропа одағының құзыретіне кірмейтінін мәлімдеген. Ал Ресей тарапы ЕО-мен қарсыласуға бағыт алғанын, бірақ оған қарамастан, диалогты сақтап қалу маңызды екенін жеткізген.

Abai.kz

2 пікір