Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4613 0 пікір 3 Мамыр, 2021 сағат 15:44

Қазақстанда NEET санатындағы жастармен жұмыстың әдістемелері әзірленуде

NEET санатындағы жастармен жұмыстың әдістемелері әр аймақта ерекшеліктеріне байланысты болады деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарындағы жастар ресурстық орталықтары өкілдерінің қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Кеңес шеңберінде жастар ресурстық орталықтары қызметіндегі NEET санатына жататын жастарды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға бағытталған әдістемелерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиында, сондай-ақ, NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің іске қосылатындығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын әзірленіп жатқандығы және Жастардың даму индексінің енгізілуі туралы айтылды.

«Бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастырудағы жаңа әдістерін әзірлеу. Бұл – білімі бар, бірақ әртүрлі себеппен жұмысқа тұрмаған жастар. Олармен жұмыс істеуде біз өзіміз үшін негізгі бағыттарды да айқындап алдық. Сол бағыттардың ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсені, өңірлерде осы санаттағы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімдерді ашу бар. Бүгінгі шара барысында алдымызға қойған міндеттерді қалай жүзеге асыратынымызды, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері ұсынған жаңа әдістемелерді болашақыта қалай қолдана алатынымызды талқыладық. Жастар ресурстық орталықтары мамандарының ұсыныстарын білу біз үшін аса маңызды. Өйткені олар жастармен тікелей байланысқа түседі, жастармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, бізге әріптестер ретінде аталмыш бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға Юнисеф қорының өкілдері көмектесетін болады.

NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсе жұмысына жуырда кіріседі. Оның қызметі өңірлердегі жергілікті атқарушы органдарға NEET санатындағы жастар санын анықтаудың жаңа әдістемелерін қалыптастыруда, аталмыш санаттағы жастармен жұмыстың жаңа алгоритмдерін дайындауда әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. Кеңсе жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар тартылмақ. Кеңсені біз жастар мәселелерін шешуде ведомствоаралық ынтымақтасты, әрекеттестікті күшейту үшін құрып отырмыз. Бірлескен жұмыс барлық мемлекеттік органдарда жүргізілетін болады. NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсе орталық деңгейде жұмыс істесе, өңірлерде бұл іспен әкімдіктер, бірқатар мемлекеттік органдар, жастар ресурстық орталықтары айналысады», - дейді «Жастар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Аян Сакошев.

Ол сондай-ақ, NEET санатындағы жастардың әлеуметтік ұстанымдары туралы зерттеу нәтижелерін ұсынып, NEET-жастар сияқты әлеуметтік стратаның қалыптасуының негізгі себептеріне және сол санаттағы жастарды әлеуметтендіру бойынша жұмыс әдістеріне тоқталды.

Мұнымен қоса, үйлестіру кеңесінің отырысы аясында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің аймақтық тәжірибесі таныстырылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысының жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Таутен NEET-жастармен жұмыс істеу бөлімін құру тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова жастар ресурстық орталықтарының практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, жастар арасында «softskills» дамыту моделін ұсынды.

Кездесу соңында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу әдістемелерін аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Айта кетейік,  Қазақстанда жыл сайын жұмыссыз немесе жартылай жұмыспен қамтылған жастар көрсеткіштерінің саны артып келеді. Бұл көрсеткішке пандемия да әсерін тигізбей қоймады. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша NEET жастарының Қазақстандағы үлесі 6,9% құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5293