Қазақстанда жасы 25-тен асқан бойдақтардың саны - 3 миллион
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде жасы 25-тен жоғары бойдақтар саны - 3 миллион. 14-тен 29 жасқа дейінгілер 4 миллион 616 мың адамды құрайды.
Оның ішінде 2 миллион 337 мыңы - ер балалар, 2 миллион 279 мыңы - қыздар.
«Айқын» газетінің бүгінгі санында шыққан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстандағы нәзік жандылардың 28,2 пайызы, ал ер-азаматтардың 39,6 пайызы - бойдақ екен.
Орташа есеппен қыз балалар 24 жасында тұрмыс құрса, ер-азаматтар 27-28 жасында үйленеді.
Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың мәліметтері бойынша, елімізде 500 мыңнана астам сүрбойдақ һәм кәрі қыз бар.