Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 25 Сәуір, 2012 сағат 09:53

Қаламгерлердiң кезектi құрылтайын өткiзу үшiн арнайы комиссия құрмақ

"Жас Алаш" газетiнiң редакциясына бiр топ ақын-жазушылар келдi: Қабдеш Жұмадiлов, Құрал Тоқмырзин, Бейбiт Қойшыбаев, Сағынгерей Бәйменов, Зейнолла Тiлеужанов, Мырзан Кенжебай.
Арнайы келiптi. "Бiздiң әрқайсымыздың артымызда жазушылар тұр, - дейдi олар, - Бiрақ олардың бәрiн редакцияға ертiп келу мүмкiн емес. Сондықтан да бiздi ынталы топ десеңдер де болады.
¬-   Қандай ынталы топ? Не¬нiң ынталы тобы?
Қабдеш Жұмадiлов бастаған ақын-жазушылар кезектесе отырып өздерiнiң редакцияға нендей мақсатпен келгенiн айта бастады. Бiз ендi өз оқырмандарымызға осы әңгiменiң бүкiл ұзын-ырғасын емес, тек тоқетерiн ғана ұсынуды жөн көрдiк.

- Бәрiмiздiң "ақын", "жазушы" деген дардай атағымыз бар. "Ақын-жазушылар халықтың рухани көшiнiң басында жүруi керек" деймiз. Бәрi жақсы-ау, бiрақ бiз өз үйiмiздi неге тәртiпке келтiр¬меймiз? ¬-   дейдi бұлар күйiнiп, - "Өз үйiмiз" деп отырғанымыз - Қазақстан Жазушылар одағы. Қазақстан Жазушылар одағы - бiздiң ортақ үйiмiз. Ал ендi осы ортақ үйiмiздi ретке келтiрмесек, ретке келтiре алмасақ, онда өзгеге қалай ақыл айтамыз, қайтiп үлгi-өнеге көрсетемiз? Мiне, бақандай 16 жыл болды, Қазақстан Жазушылар одағын Нұрлан Оразалин билеп-төстеп келедi. Жазушылар одағының басшылығынан кетпес үшiн өзiн "құрметтi төраға" сайлатып, Қазақстан Жазушылар одағының жарғысына өзгерiс енгiздi. Бұл өзгерiс бойынша "құрметтi төраға" Қазақстан Жазушылар одағын өле-өлгенше бас¬қарады екен. Жарғыға енген өзге¬рiс осындай. Ал ендi бұл өзгерiстi Н.Оразалин көптiң талқысына салған жоқ. Бұл жерде Н.Оразалиннiң көкейiн тесiп бара жатқан қаржылық мүдде екенiн кiм бiлмейдi?! Н.Ораза¬линнiң жазушылардың құрылтайын ұдайы кешiктiрiп өткi¬зетiнi де белгiлi. Осының алдындағы құрылтайларды айтпай-ақ қойғанның өзiнде, жазушылардың ең соңғы құрылтайы Қазақстан Жазушылар одағының жар¬ғысына сәйкес осыдан 1,7 жыл бұрын өтуi тиiс болатын. Құрылтай әлi өткен жоқ. Демек, Н.Оразалин Қазақстан Жазушылар одағын 1,7 жылдан берi заңсыз басқарып отыр. Заңсыз басшының құрылтай өткi¬зуге құқы да, қақы да жоқ. Сондықтан да бiздер, осы ынталы топ, қаламгерлердiң кезектi құрылта¬йын өткiзу үшiн жазушылардың арнайы комиссиясын құрмақпыз. Құрылтайды да осы арнайы комиссия өткiзедi. Бiз бұған кiрiсiп те кеттiк.

Редакциядан: Рас, Қазақстан Жазушылар одағы - мемлекеттiк ұйым емес, қоғамдық ұйым. Десек те, жазушылар неге ызалы? Неге ашынып алған? Жазушылардың арасында "қарнының ашқанына емес, қадiрiнiң қашқанына" налып жүргендер, өкпелiлер неге тым көп? Өрттiң тұтануы оп-оңай. Ертеңгi күнi Қазақстан Жазушылар одағында жазушылар жiк-жiкке бөлiнiп, қырқысып, қырық пышақ боп жатса кiмге абырой? Осыған жоғары жақтың назар аударуы керек те сияқты.

''Жас Алаш''

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258