Атырау: 42 адам лаңкес ретінде танылып, жазаға кесілді
Атырау облысында лаңкестік іс бойынша 42 айыпталушы 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Бұл туралы ҚазТАГ Атырау облыстық прокуратура басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан Құлманның сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«18 сәуір күні Атырау облысының қылмыстық істер жөнінде арнайы ауданаралық сотпен 42 адамнан тұратын топқа қатысты үкім жарияланды. Олар 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Жазаларын жалпы және қатаң режимдегі колонияларда өтейтін болады», - деді Ғ.Құлман БАҚ өкілдеріне арналған брифнигте.
Бұрын хабарланғандай, 42 адам өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларында Атырау облысында және Қазақстанның басқа аймақтарында лаңкестік әрекеттердің әзірленуіне күдіктілер ретінде тұтқындалды. Сондай-ақ олардың лаңкестік топты құрғандығы, басқарғандығы және топтың лаңкестік қызметке немесе экстремизмді қаржыландыру әрекетіне қатысқандығы да есептеледі. Сот жабық жағдайда өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда болған жарылысқа қатысы бар 5 тұлғаға қатысты 2011 жылдың 31 қазанында 6 жылдан 12 жылға дейін жалпы режимдік түзету колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар Атырау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданында және облыстық әкімшілік ғимаратының маңындағы жарылысты жасаған лаңкестік топ әрекетіне қатысқандары үшін айыпты деп танылған еді.

«Абай-ақпарат»