Сенбі, 23 Қараша 2024
2167 0 пікір 7 Сәуір, 2021 сағат 12:13

Демократияның алғашқы қадамы Алтын Ордадан басталған

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл айтулы мереке мемлекеттік деңгейде қолға алынып, іргелі істер атқарылуда. Солардың бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында айтылған тарихи сананы қайта жаңғырту болып табылады.

Президент өз мақаласында әр халық өз тарихын бөтен идеологияны араластырмай, өзі жазуы тиіс екенін айтқан болатын. Соның негізінде Президент өзі назар аударған Алтын Орданың құрылғанына биыл 750 жыл толады. Президенттің айтуынша, мұндай тарихымыздың ақтаңдақ беттері ұлттың жадын оятып, ұрпақтың санасын жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Өз уақытында әлемнің екі құрлығын емін-еркін билеп-төстеген қыпшақ –қазақтардың Алтын Орда империясының және басқа да ұлттардың осы тектес  құрған бірлестіктерінен оның өзгешелігі,  сондай-ақ ауыз толтырып айтарлық артықшылығы қандай, оны төрткіл дүние ғалымдары мен жылнамашылары және саяхатшылары қалайбағалаған әрі  осы ұлы империя туралы олардың кезінде жазған ой-пікірлеріне көңіл аударып, зер салып қарайық.

Заманында жарты ғаламға үстемдігін жүргізген Алтын Орда қағанатының салдырған қалалары мен осы құрылымның білім, ғылымға және жоғары мәдениетке деген ұмтылысына,  таңдай қақтырар зергерлік шеберліктеріне айтарлықтай үлкен мән беріп, шынайы  қайран қалып әрі сол адамдар осыған байланысты өздерінің ой-тұжырымдарын жазып қалдырған екен.

Алдымен дініміз мұсылман болған соң, арабелінің өкілінен бастайық. Ғылымға  кеңінен танымал белгілі саяхатшы Ибн-Баттута өзінің жазбасында Берке ханның ордасында болып, оның тіктірген киіз үйінің ішін былай сипаттапты: «В пятницу, после молитвы, он садится в шатер, называемой золотой юртой, разукрашенной и диковинной. Он из деревянных прутьев, обтянутых золотыми листками. Посредине его деревянный престол, обложенный серебряным и позолоченными листками; ножки его из чистого серебра, а верх его усыпан драгоценными камнями».

Осыған қарап Алтын Орда хандарының әдемілікке құмар, безендіруге ерекше көңіл бөлетінін және сол бір кездің өзінде-ақ  көшпелі елде заман талабына сай  жеткілікті мәдениеттің болғанын ап-анық аңғаруға  болады. Және сол уақыттың өзінде  Алтын Орда әдемі де ғажайып қалаларымен, өзгелерге үлгі-өнеге боларлықтай айтулы, сымбатты сарайларымен, түп-түзу әрі кең көшелерімен ерекшеленген және қызықтырған. Ибн-Баттута жазбасының тағы бір жерінде: «Город Сарайшик, один из красивейших городов, достигший чрезвычайной величины, на ровной земле, переполненный людьми, красивыми базарами и широкими улицами. Однажды мы поехали верхом с одним из старейшин его, намереваясь объехать его кругом и узнать объем его. Жили мы в одном конце его и выехали оттуда утром, а доехали до другого конца его только после полудня… и все сплошной ряд домов, где нет ни пустопорожних мест, ни садов».

Осы жазбаға үңіле  отырып кезіндегі Алтын Орда хандарының және оның тұрғындарының  өздеріне ынғайлы етіп көрікті де көркем қалалар тұрғыза алғанын, сондай-ақ тіршілігі қайнаған шулы да думанды шаһарларда тұра алатынын білгендейміз. Ұлы қағанатта осындай саудасы қызған, қолөнері дамыған жүздеген қалалар орын тепкен. Осы автордың жылнамасында мынадай жолдар кездеседі: «Ордынские ханы вывозили из Средней Азии, Ирана, Египта а также Византии ученых, астрономов, богословов и поэтов».  Осыған қарап біздің ата-бабаларымыздың ешқандай да жабайы «варвар»  емесін, қайта мәдениетке, ғылымға жәнеөнерге  әр уақытта жақын әрі таным-дүниесінің кең, ой-өрісінің терең екенін ұққандаймыз.

Қыпшақ – қазақтар  құрған осы империяда әлемдегі ең алғашқы салықтөлеу заңы қалыптасқан. Қағанат құжаттарында,нақтырақ айтсақ жарлықтарында, мынадай жазылған сөздерді кездестіреміз: «Отныне и впредь венецианские купцы, приезжающие к нам на кораблях и совершающие торговые сделки в наших городах, пусть платят в нашу казну торговый налог в размере трех процентов; если купля-продажа не производится, пусть никто не требует с них торгового налога. Также у нас исстари не брали торговый налог с торговли драгоценными камнями, жемчугом, золотом, серебром, золотой канителью; и ныне пусть не берут». Бұл жарлықтың мән-мағынасынан ұққанымыз, сол уақыттарда қыпшақ – қазақтардың қаншалықты өркениетке жақындығын және  қазіргі демократияның алғашқы қадамы осы империядан бастау алғанын аңғарғандаймыз.

Мен қаншама жыл ерте және орта ғасыр әдебиеті мен жазбаларын, құжаттарын оқып, зерттеп қараған кездерімде қазіргі заманның талаптарына сәйкес келетін,  сол кездердегі  түрлі құрылым-бірлестіктерден кездестірген емеспін. Тіпті мыңжылдық Рим империясы мен  сол кәрі құрлықтың  ордендерінде де мынадай көрегендікті, зиялылықты байқамадым. Осыларды жазып және мысал ретінде келтіре отырып, тағы бір мақтанышпен айтарымыз, Күннің Жер шарына йналатынын сол Алтын Орда хандары мен бектері, тіпті тұрғындары да ерте кезден білген екен. Мысал ретінде келтіре кетейік: осы даңқты қағанаттың сарай ақыны Сарықұл-Сарайдың  (1321-96)  өлең жолдарында мынадай тармақтар кездеседі: «Узнала любви притяженье душа, Землей вокруг Солнца круженье верша».  Ұққанымыз, сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың Күннің Жер шарын  айналатынын  әлдеқашан білгенін түсінеміз және олар үшін бұл ешқандай жаңалық болмаған. Коперник  болса осыдан  бір жарым ғасырдан кейін ғана Күннің жерді айналатынын ашқан болатын.

Сонымен қатар аты аталған Алтын Орда қағанатында әйел затына зор құрметпен қарап, олардың алатын орны ерекше ескеріліп әрі мәртебесі жоғары болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде әлемнің әр түкпірінен келіп, осы алып құрылымда біраз уақыт тұрған және болып кеткен өзге елдің атақты саяхатшылары мен жылнамашыларының жазып қалдырған еңбектерінен көруге болады. Мысалы, атақты Плано Карпини былай деп жазыпты: «Девушки и женщины ездят верхом и несутся вскачь так ловко, как и мужчины. Мы даже видели, как они неслись со стрелами и колчаном… Женщины выполняют все работы: шьют шубы, одежду, обуви все, что делается из кожи; они ведут телеги, чинят их, нагружают верблюдов и делают все быстро и ловко». Тағы бір итальяндық Рикольди дель Монтекроче (1291ж.) өзінің жазбасында: «Кипчаки относятся с большимуважением ко всем женщинам в мире, но особенно к своим. Именно женщины занимаются общественными и домашними делами, они же покупают и продают. Женщиныгорды и воинственны. Они ездят верхом, как мужчины, и я их видел часто въезжающими в города, как мужчины, с луком и стрелами. Они очень верны своим мужьям», –деп келтірген екен. Сондай-ақ ордада біраз уақыт болған араб ғалымы Ибн-Баттутаның жұмыстарында мынадай жолдар бар: «Я был свидетелем в этой стране одной удивительной вещи – уважения, которым пользуются женщины: они имеют действительно более высокий ранг, чем ранг, занимаемый мужчинами…. Часто жену сопровождает ее муж, которого многие принимают за одного из ее слуг».  Осы жолдарды оқи  отырып кезіндегі қыпшақ– қазақтардың отбасында және олар құрған қағанат-хандықтарында әйел баласының қандай сыйласымдыққа, құрметке ие екенін анық байқаймыз.

Біздің тағы бір ерекше қайран қалғанымыз,сол бір уақыттың өзінде-ақ Алтын Орда тұрғындары от жағу кезінде қазіргі біздің көмірді қолданған екен. Әйгілі Марко Полоның кітабын оқып отырып мынадай жолдарды кездестірдік: «Правда, что во всей провинции Золотой Орды есть способ применения черных камней: эти камни добывают в горах, и они горят, испуская пламя, как поленья: они сгорают полностью, как древесный уголь. Они долго горят, и готовить на них легче, чем на древесине… потому что они лучше и стоят меньше, чем древесина, которую таким образом экономят». Көрдіңіз бе, сол кездегі қыпшақ елі көмірдің отын екенін біліп және оны іздеп тауып, тұрмыс-тіршілігіне күнделікті пайдаланған. Осы жазылған нақты деректерге қарап, бұдан мың жылға таяу кезеңдердің өзінде де  Ұлы даланың  ел-жұрты кәрі құрлық мақтанатын өркениеттен құр алақан емесін көреміз.

Д.Уэзерфордтың «Чингис-хани рождение современного мира» деген кітабында Алтын Орда жайында мынадай жолдар бар: «В Золотой Орде, кстати, никаких монголов нет. Нет, хоть ты тресни. Куда ни глянь – повсюду кипчаки, кипчаки и еще раз кипчаки.  Если монголы смогли буквально в течение пары десятков лет без следа «раствориться» в кипчакском море, значит, они и с самого начала не играли в событиях особой роли – вполне возможно, что огромное войско Чингис-хана мимоходом подхватило в свои ряды и какое-то небольшое монгольское племя – но не более того…»

Осы кітаптан біз үшін қайран қаларлық  тағы бір тармақтарды  оқуға болады:  «Чингис-хан» и «Темуджин» –совершенно не монгольские имена, а тюрко-кипчакские. В народном киргизском эпосе « Манас», а также в казахских эпосах  «Алпамыс батыр», «Кобланды батыр», «Ер Таргын» и другие, что называется… в упор не видят никакой такой «великой монгольской империи». Согласно этим эпосам, у средневековых кипчаков было только два серьезных противника, с которыми они постоянно боролись: это китайцы и кочевые племена калмыков, как раз и обитавших тогда в районе современной Монголии. Современные монголы –это лесные населения,   появившиеся на этой земле только несколько веков спустя», – дейді. Көрдіңізбе,  олар анық-қанығын зерттеп қалайжазған!

Ал біздің ой-түсінігімізді ескі кеңес жүйесі қалыптастырды. Содан әлі арыла алмай келеміз. Әлем жазушылары мен ғалымдарының шығармаларын оқи отырып түсінгеніміз, Шыңғыс ханның ешқандай моңғол емес,(қазақы сөзбен айтқанда, оларға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын» аңғарғандаймыз)  тек түркі-қыпшақтардан шыққанын,  сонымен қатар кезіндегі Алтын Орда империясының соғыс ашып, өз аумағын кеңейтумен  қоса, заман көшінен қалмай, ғылым мен білімді және өнер мен мәдениетті тең  алып жүргенін анық байқағандаймыз.

Бейсенғазы Ұлықбек 

Журналистер Одағының мүшесі

Материал Abai.kz сайтында 2020 жылы жарияланған. Бұл материалдың толықтырылған нұсқасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349