Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3944 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 08:25

Ресейде шариғат сотын енгізу туралы дау шықты

Ресей мұсылмандарының рухани басқармасының бастығы Талғат Таджуддин мен Мәскеудің бас мүфтиі Альбир Крганов «Ресейде шариғат соттары болмауы керек, өйткені бұл мемлекет пен дін бөлек деген қағиданы бұзады» деп мәлімдеді. Олар бұл мәлімдемені дағыстандық заңгер Дагира Хасанованың сөздерінен кейін жасады. Хасанова «Ресейдегі мұсылмандар қазіргі зайырлы соттарға сенбейді, олардың тілегі - шариғат соттарын құру» деген болатын.

Ресейдегі «Яблоко» оппозициялық партиясы Хасанованы «араздық пен экстремизмді қоздырды» деген айып бойынша сотқа берулері мүмкін екенін мәлімдеді. Қазір Ресейдің ішкі істер министрлігі Хасанованың сөздерінде экстремистік сарындардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ал кеше Ресейдің православ шіркеуінің өкілі Всеволод Чаплин «Ресей мұсылмандары өздерінің салт-дәстүрлерін сақтауы тиіс, шариғат соттарын құруға болады» деген пікірін жариялады.

Дереккөз: аzattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 835
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2201
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 559
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 539