Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3190 0 пікір 4 Шілде, 2009 сағат 13:01

Алмас ҚАЗЫБЕКОВ. Бас ақының қытай болса, жетіскен екенсің!

Біздің қазақ қызық халық: не болса соған сене береді, не болса соған ере береді. Таң қаласың. Біреу бірдеңе десе болды, соны ақиқат көреді, шын көреді. Имандай сенеді. Бұл біздің халықтың табиғаты шығар.

Ал енді неге біздің мемлекет сондай сенгіш? Неге ергіш? Неге айдалаға лаққыш?

Мына қызықты қараңыз. Біз өзіміздің бас ақынымыз Абай деп жүрсек, бас ақынымыз басқа екен!?. Бас ақынымыз Ли Бао екен! Оны қазақшаға Елубай, Елібай, Елдібай деген  лақап атпен аударып алдық.

Біздің қазақтың балаша аңғалдығына адам таң қалады. Осыдан үш-төрт жыл бұрын әлгі Ли Бао байғұстың бұл жарық дүниеде бар екеніне, болғанына, өмір сүргеніне ешкім кепілдік бере алмас еді. Онда да қазақ екеніне! Енді міне, араға азғантай ғана уақыт салып, біз оны қазақ қып алдық.

Бірлі-жарым оқымысты, тарихшы қызығып, «осындай бір тарихи тұлға болған екен, өйткен екен, бүйткен екен» деп жазып жүрсе, мақұл деп қоя салуға болар еді...

Бүткіл мемлекеттік мекемелер сол Ли Баоңызды «Елдібай ақын деген атамыз болған екен» деп еліріп жатқанын көргенде, еріксіз ерін тістеуге тура келеді. Ой, сұмдық-ай!

Мұны сұмдық демеске лаж қайсы?.. «Қазақ әдебиетінің» 2007 жылғы 13-19 және 20-26 сәуірдегі нөмірлерінде Мұхтархан Оразбай деген оқымысты Елдібай ақын туралы ағыл-тегіл егіліп мақала жариялатады. 2008 жылы осы кісінің «Елімен қауышқан Елдібай ақын» атты  кітабы жарық көреді. Осы мақала мен кітапта «Қытайды қайран қалдырған  қандасымыз Елдібай ақын» деген ұғым қазақтың санасына тықпаланады. Автордың сөзімен айтсақ, «бұған құлақ асып, назар аударған кісілер өте көп болды. Тіпті қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлері, әдебиет пен мәдениет саласындағы зерттеуші ғалымдары хабарласып, осы ақынның шығармасымен толық танысуды, оны толығымен аударуды, қазақ тіліне кітап етіп шығаруды, қазақ оқырмандарымен ертерек қауыштыруды менен қатты талап етті».

Сонда, қазақтың өзі емес, қоғам қайртакерлері, қаламгерлері мен зерттеуші ғалымдары «ерме» болды деген сөз ғой. Либай, Ли бао, Ли бо деген атпен белгілі болған қытай ақынын қазақ ету кімге керек болды?.. Онда да оны дулат ету?

Елдібай деп отырған Ли бао шамамен 701 жылы туып, 762 жылы қайтыс болыпты. Оның 25 томдық қытай тіліндегі жыр жинағы сақталыпты. Либай ақын Суяп немесе Шу /Шұйиы/ қаласы маңында туған екен-міс. Оның арғы аталары Дулу тайпасынан шыққан екен. Сол дулу дегенді өйтіп-бүйтіп дулат қылып алдық әйтеуір...

Ойпыр-ай! Бейбарысты да әупірімдеп жүріп беріш етіп алып ек. Енді міне, Ли Баоны дулат етіп алдық. Тағы кімдер бар екен?..

Жаңағы Мұхтархан Оразбайдың жазуынша, «асқан талант иесі, бала жастан өте зеректігімен, алғырлығымен, талғампаздығымен танылған, ойы озық, тілі өткір Елдібай, қазақ даласын туа сала сүйе білген дарынды ұл. Бес жасында тарихи  қазақ дастандарымен сусындаған жан» екен...

Ей, бір мезет тоқтауға бола ма?

Қайдағы қазақ ол 701-762 жылдары өмір сүретін?

Қайдағы қазақтың тарихи дастандары?

О заманда қазақ деген ел жоқ қой! Қазақ ХV ғасырда ғана құралған ел емес пе?

Бүгінгі қазақ ішіндегі дулат руын о заманға апарып дулуға телігенде осы қазақ мықты боп кетеді деп ойлай ма екен? Жоқ, бас ақынымыз қытайды таң қалдырған екен деп бүгінгі қазақтың арты жыртылуы керек пе?

Жеке адамдар адасса, «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деп қоя салуға болар еді..

Бұл жерде тұтас бір мемлекет адасып отырған жоқ па? Астанада дүрілдеп жиын өтеді. Оған Мәдениет министрінен бастап Өмірбек Бәйгелді бастаған «қоғам қайраткерлері» қатысады. Ли Бао-Елдібай ақын туралы қазақтар еңкілдесіп отырып, кітабын кеңінен таратайық, кино түсірейік, бабамызды ардақтайық деп бәтуа қылады.

Міне, қазіргі қазақ мемлекетінің сиқы.

Бас ақының қытай болса, жетіскен екенсің, қазағым!

Шын сұмдық қайда жатыр? Онсыз да Қытай елі шекарасын Шудан асырып белгілеп отыр дегенді еститін едік. Енді «Қытайдың бас ақыны Шуда туса, онда да дулат болса, оған қазақ біткен табынып отырса», қолтығына барып тығылмаған нең қалды?

Өзі біртін-біртін қытайланып келе жатқанымызды өзіміз де байқамай жүрген сияқтымыз. Көпен Әмір Бек, Әділ Бек Қаба деп аты-жөнімізді үшке бөліп жазып, қытайлануға бір қадам жасап қойып едік. Енді келіп, «Бас ақынымыз» табылды! Оның туған жері анықталды. Демек, шекараға қазық қағылды деген сөз. Бас ақының қытай болса, өзіңнің қытай болмаған нең қалды сонда?..

О, дарақы туғандар!

«Алты Алаш» газеті, №3 (03.07.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377