Өзбекстан Құранның ең үлкен парағын жасап шықты
Құранның әлемдегі ең үлкен парағы Өзбекстанда шығарылды. Каллиграф Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеген. Бұл туралы Өзбекстан Ислам мәдениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, XIV ғасырдан бастап сақталған Құранның қолжазба кітабының бір беті ғана пайдаланылған.
«Қасиетті кітаптың парағын өзбек каллиграфы алты айда жасады және бұл XIV ғасырдағы Құран кітабының Тимуридтер империясының үшінші билеушісі Шохрух Мырзаға арнап шығарылған үлкейтілген көшірмесі», - деді ол.
Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер ретінде өз қолымен жазылған шығарманы ұсыну жұмыстары басталып кетті.
Abai.kz