Қаһар күні: Палестина жаппай ереуілге шықпақ
Палестинаның қоғамдық-саяси күштері осы сейсенбіде Израильдің құрсауында тұрған Газа секторын бомбалап жатқанына наразылық ретінде жалпыхалықтық ереуіл мен жаппай азаматтық бағынбау шараларын бастау туралы шешім қабылдады.
Акция барысында Иерусалимдегі барлық экономикалық және коммерциялық нысандардың, басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалауының, Газа секторының және Израильдегі палестиналық қауымдастықтардың жұмысын тоқтату жоспарланып отыр. Ереуіл 200-ден астам адам, соның ішінде 61 бала қаза тапқаннан кейін ұйымдастырылып отыр.
Бастаманы Палестинаның саяси партиялары, кәсіподақтары толық қолдап, халықты акцияға жаппай шығуға шақырды. Бұл акцияның өзге ереуілдерден айырмашылығы жаппай ереуілге үндеу тастағандар қарапайым халық болып отыр. Ол 18 мамырды "Қаһар күні" деп атамақ.
Abai.kz