Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6577 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 08:50

Ономастика: заң жобасы

Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы парламентке жолданды. Таяу арада депутаттардың талқысына түсетін жобаны жұрт назарына да ұсынып отырмыз. Себебі, ономастика мәселесі көзіқарақты, мемлекетшіл әрбір азаматты толғандыратыны белгілі.

Төменде Үкімет қаулысымен қоса беріліп отырған заң жобасына айтар ой, қосар пікірлеріңіз болса, мархабат.

Ономастика туралы заң жобасы -  қазақ жерінің жер-су, ауыл-аймақ, көшелердің және өзге де маңызды атауларды өзгеруі мен тарихи атауын табуына бірден бір жол болғандықтан жобаға бұқараның үн қосуы қажеттілік екенін анық.

«Абай-ақпарат»

 

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы парламентке жолданды. Таяу арада депутаттардың талқысына түсетін жобаны жұрт назарына да ұсынып отырмыз. Себебі, ономастика мәселесі көзіқарақты, мемлекетшіл әрбір азаматты толғандыратыны белгілі.

Төменде Үкімет қаулысымен қоса беріліп отырған заң жобасына айтар ой, қосар пікірлеріңіз болса, мархабат.

Ономастика туралы заң жобасы -  қазақ жерінің жер-су, ауыл-аймақ, көшелердің және өзге де маңызды атауларды өзгеруі мен тарихи атауын табуына бірден бір жол болғандықтан жобаға бұқараның үн қосуы қажеттілік екенін анық.

«Абай-ақпарат»

 

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат;
1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж.,
№ 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», «поселкелері», «поселкелерді», «поселкелердің» деген сөздер тиісінше «кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттері», «кенттерді», «кенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Ономастикалық комиссиялар

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпiрлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі жұмысты ретке келтiру мақсатында ономастика комиссиялары құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы;  облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары  жанынан облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.»;

3) 10-бапта:

3) және 4) тармақшалар мынадай  редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, теміржол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физикалық-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту  тәртібін айқындайды;

4) Республикалық ономастика комиссиясы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның өкілді  және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және  оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпiрлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде халықтың пікірін ескеру тәртібін бекітеді;

4-2) Республикалық ономастика комиссиясы қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, теміржол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физикалық-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы шешім қабылдайды;»;

4) 11-бапта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстың ауылдарына (селоларына), кенттеріне, ауылдық (селолық) округтеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту мәселелерiн шешеді;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясы қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпірлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;

5) 12-бапта:

5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

6) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген, ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

7) 14-бапта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына,  скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді.».

2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж.,
№ 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20,
89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 23-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

2) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Республикалық терминология және ономастика комиссияларын құрады;

2) Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекітеді;

3) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

3) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыреті

1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыреті:

1) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, теміржол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физикалық-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі өзге де объектілерге атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;

3) облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпірлеріне және олардың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы  республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларымен келісу.

2. Облыстық ономастика комиссияларының және республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының құзыреті:

1) облыстың ауылдарына (селоларына), кенттеріне, ауылдық (селолық) округтеріне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;

2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы,  сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;

3) Республикалық ономастика комиссиясының келісімінен кейін - республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру.

3. Жергілікті атқарушы және өкілді органдар елді мекендердің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, скверлеріне, көпiрлеріне және олардың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы шешімді ономастика комиссияларының оң қорытындысы болған кезде ғана қабылдайды.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Парламенті

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдаудың өзектілігі ономастикалық комиссиялардың жұмысына оңтайлы жағдайлар жасау және оларды реттеу қажеттілігімен негізделген. Бұдан басқа, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және жергілікті жерлердің басқа да физикалық-географиялық  объектілерінің атаулары мен қайта атауларын және олардың атауларының транскрипциясын нақтылау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қамтамасыз етіледі.

Заң жобасын әзірлеу үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбавтың
2011 жылғы 3 маусымдағы № 2399 тапсырмасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негіз болып табылады.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында елдің белгілі қайраткерлерінің есімі лайықты есте қалдырылды, физикалық-географиялық  объектілердің, елді-мекендердің тарихи атаулары қалпына келтірілді. Кейінгі жылдары жергілікті жерлерде түрлі әлеуметтік объектілерге есімі елге белгісіз тұлғалардың аттары беріле бастады. Мұндай олқылықтар ұлттық заңнамадағы кемшіліктердің орын алуынан туындап отыр.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіруде ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне  азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту және барлық деңгейдегі ономастика комиссияларының құзіреттілігін нақты белгілеу көзделеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік объектілермен қатар облыс орталығындағы, облыстық маңызы бар қалалардағы көшелер, алаңдар мен скверлер атауларын  тек Республикалық ономастикалық комиссияның келісімі арқылы қайта атау мәселелерінің құқықтық тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Көрсетілген заң жобасын қабылдау мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына не мемлекеттік кірістердің қысқаруына, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         К. Мәсімов

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320