Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 5 Шілде, 2009 сағат 20:34

Ләззат Кемелбаева. Пилоттық көшірмелердің жолы кесілмек

Сөз жоқ, ғылымға әркімнің де таласы бар. Бірақ ғылымның жолы осы екен деп соңғы кездері елімізде жаппай пилоттық жолмен қорғалған докторлық диссертациялар қатары көбейіп кетті. Қарапайым тілмен айтқанда, оқымыстылардың көз майын тауысып жазған еңбектеріне «құда түсушілер» саны жылдан жылға «жасарып» келеді. Елдегі білім тұтқасын ұстаған азаматтардың басын «ауыртып» келген бұл мәселе ақыры «Антиплагиат» жүйесін өмірге әкелді.

Сөз жоқ, ғылымға әркімнің де таласы бар. Бірақ ғылымның жолы осы екен деп соңғы кездері елімізде жаппай пилоттық жолмен қорғалған докторлық диссертациялар қатары көбейіп кетті. Қарапайым тілмен айтқанда, оқымыстылардың көз майын тауысып жазған еңбектеріне «құда түсушілер» саны жылдан жылға «жасарып» келеді. Елдегі білім тұтқасын ұстаған азаматтардың басын «ауыртып» келген бұл мәселе ақыры «Антиплагиат» жүйесін өмірге әкелді.

Шындығы керек, оңай жолмен ғалым шекпенін иыққа ілушілер  қарасы кеңес құшағынан шыққан елдердің барлығында жаппай «сәнге» айналған. Дегенмен посткеңестік елдердің бірсыпырасы пилоттық жұмыстарды жоюға дәрменсіз күйде. Тек ғылымға әу бастан-ақ бей-жай қарамайтын ресейліктер жаппай пилоттық көшірмеге қарсы күресті өткен жылы қолға алды. Біз де теріскейдегі көршіміздің өкшесін баса «Антиплагиат» жүйесінің тұсауын кестік. Яғни бұл пилоттық жобаның негізгі міндеті ертеректе жарияланған ғылыми еңбектердің рұқсат етілмеген көшірмесін тоқтату, сондай-ақ аталмыш еңбектердің көшірмесінің жаңа ғылыми жұмыстарда бар-жоғын анықтау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің айтуынша, жаңа жүйенің негізгі бағыты - ғылыми еңбектердің  басқа жұмыстардан көшірілмеуін немесе бұрынғы жарияланған жұмыстардың қайталанбауын алдын алу үшін жаңа ғылыми еңбекке талдау жасау болып табылады. «Клиент-сервер» негізінде құрылған бұл жүйе әртүрлі форматтағы деректер жинағын сақтай отырып өңдеу пакетін құрады. Сондай-ақ барлық ақпарат жүйесі бойынша толық мәтінді іздеуге мүмкіндік береді.

-  Қазіргі уақытта жаңа ғылыми жұмыстарға талдау және салыстыру жүргізілетін деректердің эталондық базасы толықтырылып жатыр. Яғни жалпы көлемі 2 500 құжатты құрайтын тестік массив құрылды. Болашақта көшіріп алуды тексеру көлемі кеңейтілетін болады. Бұл жүйе тек қана диссертацияларды ғана емес, сондай-ақ басқа да ғылыми еңбектерді, оқулықтар мен оқу құралдарын сараптауға да пайдаланылмақ,- дейді министр мырза.

Жаңа жүйе қолға алынғалы бері министрлікте диссертациялық кеңестер жүйесін жаңғырту іс-шаралары пысықталыпты. Өткен жылы елімізде 176 ғылыми диссертациялық кеңес жұмыс істесе, биыл олардың қатары едәуір қысқарған. Нақты тоқталсақ, бүгінде 225 ғылыми мамандық бойынша 141 диссертациялық, оның ішінде 137 - докторлық, 4 - кандидаттық кеңес қызмет атқаруда. Ол ол ма, «Антиплагиат» жүйесі ізденушілер мен диссертациялық кеңестерге де талапты төпелеп қойып жатыр. Былтыр 200-ден астам диссертацияға теріс шешім қабылданып, 16-сы қабылданбай, 154 жұмыстың кері қайтарылуы сөзімізге дәлел.

Министрдің айтуынша, ғылыми дәрежелер беруде теріс шешім қабылдауға итермелейтін себептердің бірі материалдардың ұқсастығы мен авторға сілтеме жасамау. Ендеше жалған жұмыстарды, біреуден көшіріліп алынған немесе бірнеше ғылыми еңбектерді топтастырып бір жұмыс жасауға бағытталған диссертацияларды дер кезінде анықтау мақсатында әзірленген «Антиплагиат» жүйесі бұдан былай ғылым саласына қатаң тәртіп орнатпақ. Демек келешекте еліміз саны бар да сапасыз ғалымдардан тазарып, аз да болса «саз» оқымыстылар қатары көбеймек.

 

«Нұр Астана» апталығы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600