Жексенбі, 11 Қазан 2026
Жаңалықтар 4533 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 09:58

«Мәшинесі» көп Ермахан Ыбрайымов

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат -  Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов бұл күндері Алматы қаласындағы «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.

Ел боксының тағдырына алаңдап жүретін чемпион соңғы кездері мәшинеге әуестігі артқандығын айтады. Өзінің астында «Джип» көлігі бар. Соған қарамастан, кез келген жерде «мәшине» сатып ала беру хоббиіне айналып кеткен екен. Бірінен-бірі өтетін, көздің жауын алатын ойыншық көліктер боксшыны қолды-аяққа тұрғызбайды. Себебі, тіл-көзден сақтасын, олимпиада чемпионының отбасында бір қызы, бес ұлы желкілдеп өсіп келе жатыр.

Мақала «Нұр Астана» газетінің 3 мамыр күні шыққан санында жарық көрді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 938
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1259