Жұма, 22 Қараша 2024
Айқай 5991 3 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 14:55

Бір әулеттің қасіреті...

Атамыздың сүйегі қайда қалғанын әлі күнге дейін анықтай алмай отырмыз

Өткен ғасырдың 30-шы  жылдарындағы большевиктердің қырғыны біздің ұлттық трагедиямыз. Өкінішке орай, әлі күнге дейін қызылдардың бір ұлттың алдындағы геноцидтік саясатына саяси баға берілмей отыр. Өткен күннің қасіретін еске алып, жазықсыз құрбан болған жандардың есімін ұрпақ жадында қалдыруымыз керек.

Тарих беттерін, ақиқаттың бетін ашатын кезең келді. Ол үшін бірінші кезекте тиісті орындарда сақталған мұрағаттарға жол ашылуы керек. Өкінішке орай, электрондық нұсқасы жасалды деген сылтаумен, түпнұсқадағы құжаттарды зерттеуге әлі де бөгет көп. Ал электрондық нұсқа тек анықтама ретінде жазылған.

Мәселен, елдегі солақай саясатқа қарсы шыққаны үшін 86 жасында «халық жауы» атанып, сотталған атамыз Иса қажының сүйегі қайда қалғанын әлі күнге дейін анықтай алмай отырмыз.

Әкелері ұсталғаннан кейін қажының ұрпағы қуғынға түсті. 25 жыл шетелде босқын болып, талай ауыр күндерді бастан кешірді. Шығыс Түркістан жерінде өмір сүрген ширек ғасыр ішінде Иса қажының отбасынан он шақты адам қайтыс болыпты. Аталарымыз 1955 жылы елге қайта оралып, 30 жыл бойы «қытай» атанды. Бұл тек бір әулеттің басынан өткен қасірет...

Дәулет Тілеуберді

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3215
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5233