Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6114 0 пікір 8 Мамыр, 2012 сағат 07:21

«Ұлт тағдыры»: Ономастика туралы заң жобасы

Үкімет ұлтқа қатысы бар, шешілуі кезек күттірмейтін мәселелердің барлығын «ұзын арқан, кең тұсаумен» шешуге тырысады. Сондықтан болуы керек, күні өткен «Тілдер туралы» заңды жамап жасқауға кіріскені... Енді Ономастика турлы заңды да «сырлап» «бояуды» қолға алыпты. Алдарыңыздағы мәтін (өкіншке орай, менің қолымда осы нұсқасы ғана сақталыпты. Бірақ бұл соңғы нұсқасы емес) «Ұлт тағдыры» қозғалысының осыдан төрт жыл бұрын дайындаған, бірнеше талқылаулардан өткен заң жобсы . Мүмкін, бұл жобаның кейбір баптары  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін топқа ой салар деген ниетпен ұсынып отырмыз.

Дос Көшім

«Ұлт тағдыры»  қозғалысының жобасы

 

Қазақстан   Республикасындағы   Ономастика   туралы  заң

I - бөлім.  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1.  Кіріспе

Үкімет ұлтқа қатысы бар, шешілуі кезек күттірмейтін мәселелердің барлығын «ұзын арқан, кең тұсаумен» шешуге тырысады. Сондықтан болуы керек, күні өткен «Тілдер туралы» заңды жамап жасқауға кіріскені... Енді Ономастика турлы заңды да «сырлап» «бояуды» қолға алыпты. Алдарыңыздағы мәтін (өкіншке орай, менің қолымда осы нұсқасы ғана сақталыпты. Бірақ бұл соңғы нұсқасы емес) «Ұлт тағдыры» қозғалысының осыдан төрт жыл бұрын дайындаған, бірнеше талқылаулардан өткен заң жобсы . Мүмкін, бұл жобаның кейбір баптары  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін топқа ой салар деген ниетпен ұсынып отырмыз.

Дос Көшім

«Ұлт тағдыры»  қозғалысының жобасы

 

Қазақстан   Республикасындағы   Ономастика   туралы  заң

I - бөлім.  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1.  Кіріспе

Қазақстан  Республикасындағы    ономастика  заңы  мемлекет  аумағында  жер,  су,  тау, қала, елді мекен, әкімшілік - аумақтық,  ұлты  қазақ  азаматтарының  ата - тегін  және  жалқы  есімін,  заңды  тұлғалардың  мемлекеттік  тіркеуден  өткізуде  аттарын  және  көрнекті  ақпараттар  мен  жарнамалық  мәтіндерді  ресімдеуді,  басқа да  ономастика  салаларына  жататын  атауларды  реттеуге  бағытталады. Ономастика  туралы  заң  қабылдаудың  басты  мақсаты  қазақ   мемлекетінің  келешегінің  мызғымас болуы  мен  тәелсіздігінің  мәңгілігінің   кепілі  - ұлттық  сананы  қалыптастыратын   ортаны  жасау. Тарихи  әділдікті  орнына  келтіріп,  ұрпақтың  жадын  отарлық  кезеңнен  қалған  құлдық  саясаттың  ықпалынан  арылып,  қазақ  елінің  мүддесін, аброыйн  және  құқын  қорғайтын  нағыз  патриоттық   деңгейде   тәрбиелеу   үшін  қажет. Ономастика  заңы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен міндетін іске асыру жолында елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бір бағытқа түсіуіне әкелетін ортаны қалыптастыратын маңызды құжат.

1 - бап.   Қазақстан   Республикасындағы  ономастика  туралы  заңына (бұдан  ары  қарай - Заң)  пайдаланатын  негізгі  ұғымдар.

Осы  заңда  пайдаланатын  ұғымдардың  мағанасы :

ономастика - жалқы  есімдерді,  олардың  қалыптасу  және  түрлену  тарихын  зерделейді ;

топономика - географикалық   обьектілердің  атауларын,  олардың  туындау,  өзгеру,  жұмыс  істеу  заңдылықтарын  зерделейді ;

антропонимика - адамдардың ( жалқы )  есімдерін  зерделейді ;

оним -  жалқы  есім ;

топоним -  онимнің  түрі,  географиялық  атаулар ;

гидроним - топонимнің  түрі,  су  обьектілерінің  атаулары ;

ороним -  топонимнің  түрі,  таудың,  кыраттың,  шоқының  атаулары;

эндоним - жергілікті  халықтардың  жерге  берген  атаулары;

экзоним - сырттан  келген  атаулар;

ойконим -  топонимнің  түрі,  ел - мекендердің ( ауыл,  кент,  қала ) атаулары;

урбаноним - қала  ішіндегі  шағын  аудандар,  тұрғын  үй  кешендері  тағы  басқа обьектілер  атаулары;

короним -  топонимнің  түрі,  әкімшілік - аумақтық  бірліктердің   атаулары ;

хрематонимика - мәдени  мұралардың  жалқы  атаулары;

зооним - онимнің  түрі  ,  жануарлар  мен  хайуанаттар  атаулары ;

фитоним -  онимнің  түрі ,  өсімдіктердің  атаулары ;

космоним -  онимнің  түрі ,  галактика  мен  ғарыш  денелерінің ,  жұлдыздар  мен

жұлдыз  шоғырларының  атаулары ;

этноним -  онимнің  түрі ,  халықтың ,  ұлттың  атаулары

аймақ - Республиканың  бірнеше  елді  мекендері  енгізілетін,  оның  мүддесі  үшін  құрылатын  және  басқарылатын Республика  аумағының  бір  бөлігі;

елді  мекен - Республика  аумағының  халық  жинақы  орналасқан,  кемінде 2 - 3 мың адамы  бар,  азаматтардың  шаруашылық  және  басқа  қоғамдық  қызметі  нәтижесінде  қалыптасқан,  заңда  белгіленген  тәртіпте  есепке  алынған  және  тіркелген,  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  басқаратын  бір  бөлігі.

 

1.2-бап. Осы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және басқа да  мемлекеттік  конституциялық заңдарға  сүйенеді.

 

1.3.-бап. Осы  заң  Қазақстан Распубликасы  аумағындағы  жер,  су,  тау, қала  елді мекен, көше,  алаң  атауларын  және  басқа да  ономастика  саласына  байланысты  мәселелерді  реттейді.

 

2 - бөлім. Ономастикалық  атауларды  қалыптастыру  және  соған  байланысты   қойылатын  талаптар.

2.1. - бап. Жер , су , тау , қала  мен  елді  мекен  және  географиялық  аттарды  реттеудің  басты  міндеті  отарсыздандыру шараларымен  тығыз байланыстыра  отырып, осы  атауларды өткен тоталитарлық саясаттың  ықпалынан  арылту  және  жергілікті   халықтың  тарихымен  нақты  байланысы   бар   атауларды  қайтару.

2.2. - бап. Ұлттық  маңызы  бар   мәдени  ескерткіштер  мен  тарихи  орындардың  атауларын  қалпына  келтіру  мақсатында   қала  мен  елді  мекен,  көше  және  географикалық  аттарды  ауыстыру мемлекеттің  дербестігін  нығайту  болып  саналады.

2.3. - бап.          Жаңадан  пайда  болған  қала,  елді  мекен  және  көше ,  алаңдарға  атаулар  бергенде  ұлттық   ерекшеліктің  сақталуы  және  халқымыздың  тарихымен  ұрпақтың   рухани  шыңдалуы,  отан  сүйгіштікке  тәрбиеленуі  ескеріледі. Атаулардың   қазақ  халқының  намысына  және  әдет,  ғұрпына  зыян  әкелмеуі  қатаң  сақталады.

2.3. - бап.  Қалалар  мен  елді  мекендерге  адамдардың  аты  берілмейді. Көшелерге,  алаңдарға , демалыс  кешендеріне  және  кәсіп  орындарына  тарихи  тұлғалардың,  елге  ерекше  еңбек  сіңірген  ғалымдардың,  мәдениет,  әдебиет  пен  өнер  және  мемлекет ,  қоғам  қайраткерлерінің   аттары  беріледі. Сонымен  қатар  бір  адамның  аты  республика  бойынша   әр  облыста  үштен  аспауы  қажет  және  есімдерін  берген  кезде олардың  дүниеден  қайтқанына  бес  жыл өтуі  тиіс. Тірі  адамдардың  есімдеріне  атау  берілмейді.

2.5. - бап. Қазақстан  республикасы   аумағындағы  диаспоралар  шоғырлана  орналасқан  жерлерде  қазақ  еліне  еңбегі  сіңбеген  және  тарихына  қатысы  жоқ,  сол  диаспоралардың   тарихи  тұлғаларының  аттарын  елді  мекенге, көшелерге,  кәсіпорындарға  және  мәдени-спорттық  кешендерге  беруге  тыйым  салынады.

2.6. - бап.   Тарихи  әділеттікті  қалпына  келтіру  мақсатында  қала,  елді  мекен,  көше  және алаңдардың  атауларын  өзгертілуін  іске  асыру  кезінде,  бұрынғы  атаулар  иелерінің  қазақ  елінің тарихына,  ғылымына , мәдениетіне,  экономикалық   дамуына  қосқан  үлестерін  анықтау  қажет. Қазақ  еліне  нақтылы   еңбегі  сіңбеген  адамдардың  атына  берілген  атаулардың  өзгертілуі,  осы  заңға  сәйкес  іке  асырылады.

2.7.- бап.    Қалаларда  және  елді  мекендерде  ескерткіш, мемориалдық  тақталарды  орнату   және   көше  аттарын  беру   жергілікті  ономастикалық  комиссияның   ұсынуы  бойынша, тек Қазақ  Республикасы  өкілетті  органдарының   келісімімен  жергілікті  әкімшіліктің   шешімі  арқылы  жүзеге  асырылады.

2.8. - бап.   Қалалар  мен  елді  мекендерде жүргізілген  құрылыстар  бойынша  көше  бұзылса, онда  бұзылған  көшенің  аты   әкімшіліктің  шешімінсіз  автоматты  түрде  алынып  тасталады. Көше  атары  өзгертілген  жағдайда  азаматтардың   меншікті  жылжымайтын  мулік  және  өзге  де  құжаттары  ауыстырылмайды,  тек  тиісті  мемлекеттік  органдар  өзгеріс  енгізіп,  растайды.

29. - бап. Қала  ішіндегі  шағын  аудандар,  тұрғын  үй  кешендері,  демалыс  және  спорт  орындары,  ойынсауық  , сауда  және  тұрмыстық  қызмет  көрсететін   орталықтар  және  басқада   обьектілердің   атаулары  еліміздің  тарихына ,  ұлттық  рухани  тәрбие  мен  отанын   сүюге   және  халықтар  достығын  нығайтуға  бағытталуы  тиіс.

2.10. - бап.   Қалалар  мен  елді  мекендердің  көшелеріне   әлемдік  өркениетке  зор  үлес  қосқан, ұлттық  рухани  дамуға  үлгі  болатын, белгілі  шет  елдіктердің   атын  беру  жергілікті  тұрғындардың   келісімі  бойынша  іске  асырылады. Қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне  қатысы  жоқ  ұлттық  сананы  қалыптастыруға  пайда  әкелмейтін  шет  елдік  тұлғаларға   арналған  атауларға   жол  берілмейді.

2.11. - бап. Қазақстан  Республикасының   аумағындағы   табиғи - географиялық,  топономикалық ,  өнеркәсіптік  және  басқада  обьектілер  мен  мекемелер  атауларын  өзгерту  және  қайта  жөндеу   осы  заңға  сәйкес  іске  асырылады.

2.12. - бап.   Республикадағы  барлық  кәсіпорындар,  меншіктік  нышанына  қарамай,  өздері  өндіретін  өнімдерінің   тауарлық  белгілерімен  атауларын   қазақ  тілінде  береді. Осы  атаулар  елімізде  қалыптасқан      ғұрып,  ұлттық   сана  мен  намысқа  нұқсан  әкелмуі  тиіс.

2.13. - бап.Республика  аумағындағы  шығарылатын  барлық  өнімдерінің  безендірілуі  мен  анотациялары тек  қазақ  тілінде  беріледі.

2.13. - бап.Республикадағы  кәсіпорын  шетелдік  өзіндік  әлемге  әйгілі () өніім  шығаратын  болса,  арнайы  мемлекеттік  реестр  бойынша  тауардың  аты  мен  безендірілуі  сақталынады.Осындай  жағдайларды  реттеу  үшін  үкімет  мемлекеттік  реестр  бекітеді.

2.13. - бап. Қандайда  бір  топтардың   билікке  өз  ықпалын  пайдаланып,  әкімшілік - аумақтық  және  аумақтық  - өндірістік  бірліктердің , сонымен  қатар  көшелердің,  алаңдардың  атауларын  және  мекемелердің  атауларын  идеологияландыруға  тыйым  салынады.

 

3. Қазақстан  Республикасының   қазақ   азаматтарының  тегін,  әкесінің  атын  және   есімдерін  реттеу.

3.1. - бап.   Қазақ  азаматтарының  өз  еріктерімен  ата - тегінің   жазылуын,  ұлттық  тарихи дәстүр  негізінде , қазақ  тілінің  фономорфологиялық  нормаларына  сәйкес,  тілге  тән  емес   аффиксті  алып  тастап, «ұлы»   және  «қызы»  сөздерін  қосып   немесе  әкесінің  атының  түбірлік  негізін  сақтау  арқылы   өзгертуге  құқылы.

3.2. - бап.   Қазақ  азаматтарының  ата - тегі  өзгерген  жағдайда,  бұрынғы  жеке  басын  анықтайтын  куәлік  негізінде  берілген  барлық   құжаттарды  айырбастау  міндеттелмейді, осы  құжаттарға  тек ата -тегі  өзгертілгені  туралы  Әділет  министірлігінің  жергілікті  өкілінің  растайтын  белгісі  қойылады.  Сонымен  қатар,  егерде  ата - тегін  ауыстырған  азамат  шетелдерге  қоныс  аударған  жағдайда  оқу  орындарын бітіргені  және  ғылыми  атақ  алыу  туралы  құжаттарын  (алынған  мерзіміне  қарамай)  ауыстырып  алуға  құқылы.

3.3.- бап. Еліміздің  аумағындағы  жетім  балалар үйлерінде (пансионат, интернаттарда) тәрбиеленетін  балалардың  ата-тегі (егерде  олардың  шыққан  тегін  бекітіп  растайтын құжаты болмағанда), Қазақстан  мемлекетінің  тәрбиесінде  болуына  байланысты   тек  қазақ ұлттық  тарихи  дәстүр  негізіне  тән  жазылуға  тиісті.

4. Қала,  елді  мекендер  мен  көше  атауларын,  көрінекті  ақпараттар  және  жарнама   мәтіндерін  жазу,    ресімдеу  және  біріздендіруді  реттеу.

4.1. - бап. Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  барлық  қалалар  мен  елді  мекендердің  атаулары  тек  мемлекеттік - қазақ  тілінде  жазылады. Басқа  тілдеге  аударып  жазуға  тыйым  салынады.  Халықаралық  қарым - қатынастар  мен  туризмді   дамытуға   байланысты  кейбір  жағдайда  қазақша  транскрипциясы  ағылшын  тілінде  латын  әліпбиінде  берілуі  мүмкін.

4.2. - бап. Қалалар  мен  елді  мекендерде  көшелер,  алаңдар,  демалыс,  спорт  орындарының , сауда  және  халыққа  қызмет  көрсететін   орталықтарының  атаулары   тек   қазақ  тілінде  беріледі,  осы  атаулардың  басқа  тілде  аударып  жазылуына   жол  берілмейді.  Тек  демалыс , спорт  орындары  мен сауда  және  халыққа  қызмет  көрсететін   кәсіпорын  мен  мекемелердің  жұмыстарының   жарнамасы   қажет  болған  жағдайда,  қосымша  басқа  тілде   жазылуы  мүмкін.

4.3. - бап. Көрінекті  ақпараттар  мен  жарнама  мәтіндерін  жазғанда  қазақ  тілінің  граматикалық  заңдылығы  сақталуына   қатаң  талап  қойылады. Оларды  безендіруде  эстетикалық , рухани  тәрбиеге,  ұлттық   ерекшеліктерге  зыян  келтімеуі  негізгі  шарты  болуы  тиіс.  Көрінекті  ақпараттар  мен  жарнамалардың  мазмұнында  зорлықты мадақтау, парнография   және  ұлттық  намысқа ,  ұлтаралық  қатынастарға,  жастар  тәрбиесіне  және тарихи шындыққа нұқсан  келтіретін  тура  немесе  жанама  ұғымдарды  насихаттауға  тыйым  салынады.

4,5. - бап. Көрінекті  ақпараттар  мен  жарнамалардың  безендіруілуі  жоғары  көркемдігі  мен  тәрбиелік  мағынасының   талапқа  сай  болуы  қатаң  қадағаланады.

4,6. - бап. Көрінекті  ақпараттар,  жарнамалар  және отандық  кәсіпорындардың  атаулары  міндетті  түрде  қазақ  әліпбиінде  жазылады. Кейбір  шет  елдік  әлемге  танымал (имидж  нышанындағы брендтер) фирма мен  тұтыну  тауарларының  атауларының жазылуының  шет  тілдегі  нұсқасы сақталады және мемлекеттік тілде берілетін мәтіннен бөлектеп, кішірейтілген түрде беріледі. Жәнеде  осы  шет  тіліндегі  атаулардың  жазылуы  қазақ  әліпбиінің  көркемдік  деңгейіне  нұқсан  келтірмеуі  тиісті.

4,7. -бап. Көрінекті  ақпараттар  мен  жарнамаларды  безендіруде  мемлекеттік  рәміздерді   орынсыз  пайдалануға  тыйым  салынады. Мемлекеттік  рәмізді    пайдалану  арнайы  заңдық  күші  бар  актымен  бекітіледі.

 

5. Заңның   орындалуы   және  қорғалуы

5.1. - бап. Заңның  орындалуын  республика  аумағында   барлық   мемлекеттік  органдар  қамтамасыз  етеді.

5.2. - бап. Заңның  орындалу  біржүйелілігін  қамтамасыз  ету  үшін   мемлекеттік  ономастикалық   комиссия  құрылады (ары  қарай  комиссия  деп  аталады) .   Комиссия :

-  ономастика  мәселелерінің(топономика, астрономика, антрономика, космономика, этнонимика, эргономика, ойконимика, зоонимика  және т. б.)  шешілуін,   заңдастырылуын  және  бір  жүйеге  келтірілуін  мемлекеттік  тіл  саясатының  дамуы  мен тарихи,  мәдени  мұралардың  атауларының  қайтарылуымен  байланыстыруды  қамтамасыз  ететін  ұсыныстарды  дайындайды.

-   ономастика   саласында  пайда  болатын  жаңа  атауларды  заңға  сәйкестендіре  ұсыну,  географикалық   және  тарихи - мәдени   пән деңгейінде  дамуына  ықпал  жасау

-   министрлік  пен  ведомстволарға  анықтамалар,  сөздіктер  және атлас  пен  карта  жасағанда  ономастика  мәселесіне  байланысты  әдістемелік  көмек  көрсетеді

5.3. - бап. Атауларды  бекіту  ономастикалық  комиссияның  ұсынысы  бойынша  жергілікті  өзін  өзі  басқару  органдары  мен  әкімшілік  шешімдерімен  осы  заң  шеңберінде  іске  асады.

5.4. - бап. Облыстық,  қалалық  және  аудандық  әкімшілік  атаулардың  жазылуына,  жарнамалардың  мәтінінің   осы  заңға  сәйкес  болуын қадағалап, егерде  заң  бұзушылық  болған  жағдайда  кінәлілерді  азаматтық  жауапқа  тартып,  айып  пұл  салуға  құқылы.

5.5.- бап. Республиканың  барлық  аумақтарындағы ,  меншіктік  нышанына  қарамай ,  кәсіпорындардың, мекемелердің  және  шет  елдік  заңды  тұлғалардың  басшылары  атаулар  мен  жарнамаларға  және  өдірістік  өнімдерін  безендендіруге  байланысты  заң  бұзушылықты жібергендері  үшін  жауапқа  тартылып, оннан  елуге  дейін  айлық орта  есептеу  көрсеткіш  көлемінде  айып   төлеуге  тиісті.

5.6. - бап. Мекемелер  мен  кәсіпорындардың  атауларында,  жарнамаларда  мемлекеттік  тілде  жазылған  мәтіндегі  қателер  үшін  осы  мекеме,  кәсіпоры  басшылары   бестен   он  бес  айлық  орта  есептеу  көрсеткіш  көлемінде  айып  төлейді.

5.7. - бап. Ономастикаға   байланысты  туындайтын  мәселелерді  шешу  және  заңды  тұлғалар  мен  жеке  азаматтардың  осы заңның  шеңберінде   жұмыс  істеуін  бақылау  жергілікті  билікке  міндеттеледі.

 

6.  Заңның   Қазақстан  Республикасының  басқа  да  заңдарымен  сәйкестендірілуі.

6.1. - бап. Заңының   қолданысқа енгізілуіне  байланысты,  осы  заңға  қатысы  бар  заңдар  мен  заң  орындалуына  қатысы  бар  актілерді   бір  жүйеге  келтіру  Үкіметке  міндеттеледі.

7. Заңның  өз  күшіне енуі.

7.1.- бап. Заң   өз  күшіне, ресми  жариялаған  күннен  бастап  енеді.

Дайындағандар:

Болат  Дүйсембі Дос    Көшім

Бейбіт  Қойшыбаев

Қасен   Қожа  Ахмет

Өтеген  Иқсанов

«Ұлт  тағдары»  қозғалысы

Алматы  қаласы, 2008 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396