Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4950 3 пікір 3 Маусым, 2021 сағат 11:45

Қазақстан өз тәуелсіздігі үшін күресуі керек

РФ-да Байденді жерден алып-жерге салып жатқан БАҚ көп. Барлық газеттер, сайттар, тв-каналдар, т.с.с. оның атына нешетүрлі сұмдықтарды жаудырып-ақ жатыр. Оған тек РФ ғана емес, АҚШ-тың өз ішіндегі Трамп бастаған респ-шылдар да жабылуда. Сондай-ақ әрбір елде "пайдалы идиоттар" дегендер де бар, олар да өз үлестерін қосуда. Мысалы Украинада, немесе Қазақстанда да РФ үгіт-насихатына алданғандар жеткілікті.

Мұның бәріне қарамастан Байден өз саясатын "қатқыл қолмен" жүргізуде және сол дұрыс та. Есімде, осыдан оншақты жыл бұрын АҚШ экономикасы күйреу алдында тұр, әне-міне енді құлайды, өйткені оның ішкі қарызы, бюджет дефициті пәлен триллион долларға жетті, т.с.с. деп жататын. Бірақ құлайын деп жатқан АҚШ экономикасы көрінбейді. Соңғы кезде осындай "аргументтер" айтылмай кетті. Неге?

Бұл тақырыпқа кейін айналып соғармыз, себебі бұл финанстық күрделі тақырып. Қазір АҚШ қарызы 28 трлн доллардан әлдеқашан асып кетті. АҚШ-та тек мемлекет қана бюджетке қарыз, ал бізде керісінше - халық банктерге қарыз. Көріп отырсыз, айырмасы жер мен көктей. Қарапайым халық үшін қайсысы дұрыс? Әрине, сенің банкке қарызың емес, қайта мемлекеттің өзара бір-біріне қарыз болғаны тиімді.

Әңгімемізді әрі қарай сабақтайық. Алдағы Байден-Путин кездесуінде қандай тақырыптар сөз болуы мүмкін? Бірінші кезекте Украина басты тақырып болады. Егер Трамп бұрынғы экс-СССР территориясын РФ-ның еркін билеп-төстеуіне беріп қойған болса, Байден территорияларды әркімге бөліске салуға жол бермейтіні анық. Мынау территория РФ мүддесіне сәйкес территория, одан аулақ жүріңдер деген Путин сияқтылардың арманы осымен аяқталады.

Алайда бұл тәуелсіздік үшін өздерің де күреспеңдер деген сөз емес. Ең алдымен Украина да, Қазақстан да, Беларусь те өз тәуелсіздіктері үшін күресулері керек. Біреу үшін біреудің жаны неге ауыруы керек? Өздері де ұмтылулары керек қой. Тек сонда ғана АҚШ сияқты елдер көмек қолын соза алады.

Путинмен кездесу алдында Байден алдымен Англияда G-7 көшбасшыларымен кездеспек, сосын Брюссельде НАТО көшбасшыларымен кездеседі. Негізгі мақсат - Батыс көшбасшыларының біртұтас позициясын білдіру. Мұның қаншалықты маңызды екендігіне ешкім де дау айта алмайтын шығар.

Бұл Путинді райынан қайтара ала ма? Әрине жоқ. Себебі Путин НАТО-ға қарсы тұру үшін батыс шекарада жаңадан 20 әскери құрама жасақтап жатыр. Бұл бұрынғыша конфронтация жалғаса береді деген сөз. Яғни соғыс қаупі сейілмейді, бұрынғыша Балтық елдері, Польша, Чехия, Украина, Молдова үнемі оккупация қаупімен өмір сүреді деген сөз. Осындай кезде бүкіл Батыстың біртұтас позиция ұстануы әрине маңызды.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351