Сенбі, 23 Қараша 2024
2989 0 пікір 22 Маусым, 2021 сағат 12:16

Қазақстанда карантинді күшейтуі мүмкін

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жақын аралықта Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты басқосу өткізіп, карантин мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

Оның сөзінше елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Қазіргі таңда еліміздегі вирусқа қатысты индекс деңгейі 1, бірақ біз әлемде және көршілес елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Коронавирустың жаңа штаммдары тез тарап жатыр. Нұр Сұлтанда скрининг жасалды, сондықтан да министр Цой дельта-штаммдар жайлы айтып отыр. Аймақ әкімдері жағдайды бақылауда ұстауы тиіс", - деді Ералы Тоғжанов.

Ол басқосу барысында елдегі карантиндік шараларды күшейту туралы мәселелер қаралуы мүмкін екендігін де ескертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419