Мұнайдар Балмолда. Қашанғы «Офицеры» әнін тыңдап, «За Россию» деп ұрандата береміз?
Қазақта «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дейді. Біздің төменде қозғар мәселемізге осы сөз тура айтылғандай.
Тәуелсіздік алғалы бері Орал қаласының «Зенит» зауытынан Каспий теңізіндегі күзетке арнап бірнеше кеме жасалып, аттандырылды. Олардың аттары да есімізде: «Бүркіт», «Сұңқар», «Семсер», «Қазақстан» деп келеді. Азат еліміздің теңіз шекарасын күзетер осынау кемелерімізді біз қалай шығарып салып жүрміз?
Зауыттан шығады, арнайы тіркемемен Жайық өзеніне апарады, сосын суға түсіріп, сол тұста шағын салтанатты митингі өтіп, кеменің бортына тарс еткізіп шампан ішімдігін сындырып, аттандырып жібереді. Бітті шаруа. Осы дұрыс па өзі? Шампан ішімдігін сындырмаса ол кеме суға жүрмей қалады ма екен? Солай көрінеді...
Білгіштер айтады: «Бұл ежелден келе жатқан теңізшілердің әдеті, егер шампан сынса бәрі сәтті болады, ал сынбай қалса, онда кеме сәтсіздікке ұшырайды, батып кетеді деген сөз» деп. Абырой болғанда сол шампан шишасы бір ұрғанда-ақ сынып жатады, бірақ өткен бір жылдары шампан быт-шыты шығып сынса да Жайықта су мөлшері төмен болып, суға салған кеме кете алмай, қайраңдап бірнеше күн тұрды емес пе?
Теңізшілердің қалыптасқан бұл ырым жоралғысы бос сөз, жай даурығып қалуға, қызықтауға құрылған арзан бір көрініс, тозығы жеткен дәстүр дер едік. Біз бұған мән беріп жатқан жоқпыз, «қойшы соны» дейміз.

Асылында шекарамызды күзетуге аттанып бара жатқан кеме экипажына тілек айтып, ақ бата беріп шығарып салған әлдеқайда дәстүрлі, көрер көзге жөн көрінеді. Осы туралы сіздер қандай ой-пікірдесіздер? Әлде сол «Офицеры» атты әнді тыңдап, «За Россию» деген сөзіне елтіп, шампанды кеменің қырына ұрып жүре береміз бе?
Біз тәуелсіз Қазақ елі емеспіз бе? Кімнің әнін шырқатып, кімнің дәстүрін малданып жүрміз? Әлде бұл да ұлтаралық мәселе, бітеу шиқан ба? Оның өзегін алып тастауға болмайды ма екен? Әлде теңізшілеріміз намыс атаулыдан жұрдай ма? Бұған әсери мамандарымыз, жалпы отандастарымыз не дейді? Біздің бұл оғаштау пікірімізге қандай алып-қосарыңыз бар, алқалы ағайын?
«Абай-ақпарат»