Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2626 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 10:57

Шангерей Ибраевтың «Кешеден келдім бүгінге...» атты көрмесі

Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Кешеден келдім бүгінге...» атты Шангерей Ибраевты еске алуға арналған сурет көрмесінің тұсаукесері өтті.

Экспозицияда суретшінің облыс және республика бойынша сапары кездерінде негізінен, акварельмен орындалған 40 авторлық жұмысы ұсынылған. Қалған туындылары оның отбасына тиесілі. Өскемен қаласының тарихына арналған алты жұмыстан тұратын топтамасын Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай қорығы ұсынып отыр.

Бұл көрме - сан-алуан дарындардың, парыз бен ұлтжандылықтың, таңқаларлық жұмыс қабілетіне, өнерге деген сүйіспеншілігіне және басқа адамдармен өзінің жаңалықтарымен, жан жомарттығымен бөлісуге мүмкіндігі бар адамды еске алуға арналған.

Шангерей Ибраевтың өмірінде қаражат саласы мен өлке экономикасының кәсіби қызметі және мәдениет халық университетінің дәріс беру тобындағы қоғамдық-ағарту жұмысы бір-бірімен ғажайып үйлесім тапты. Қазіргі таңда өнер көбінесе, көңіл көтеру индустриясын құрайтындардың бірі - тұтыну заты ретінде қабылданады. Музыкамен, фотосуретпен, сурет салумен айналысу - тағдырды тоғыстырып бағыттауға негіз болатынын ешкім ойлап, біле бермейді.

Шангерей Ибрайұлы Ибраев 1 қаңтар 1928 жылы Зайсан қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын 14 жастағы жасөспірім, Ұлы Отан соғысы жылдарында Семей кинотеатрында суретші-көркемдеуші қызметінен бастады. 1975-1988 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінде облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып жоғары лауазымында қызмет атқара отырып, өнерден қолын үзген жоқ. Шангерей Ибрайұлы барлық бос уақытын, еңбек демалысы және демалыс күндерін кескіндеме мен сурет салуға арнады. Осылай «Шипажай аллеясы», «Бұқтырма қызы Гүлдариға», «Кисловодск. Солдат бекеті» және басқа жұмыстары пайда болды. Қаламыздың тарихына, Қазақстанның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне арналған оның акварельдері дәрістер үшін тамаша иллюстрация қызметін атқарды. 80-шы жылдары суретшінің жылжымалы көрмелерін облысымыздың ең шалғай аудандарынан мыңдаған шығысқазақстандықтар көріп тамашалады. Экспозицияда автордың облыстық, республикалық және бүкілодақтық өнерпаз суретшілердің көрмелеріне қатысқанда алған грамоталары мен дипломдары ұсынылған.

Суретшінің ой-қиялы, тарихты білуі, оған ғасырлар бойы бізден алыс қалғанды көруге жол ашты. Бұл жайлы Өскемен қаласының тарихына арналған «Үлбінің  аржағындағы мекен», «Ескі қаладағы су тасқыны» суреттері сыр шертеді. Акварельмен орындалған «Бата», «Тазы иттермен аң аулау», «Ақ сүйек» жұмыстарынан көшпелi өмiр көріністерін, ұлттық ойындар мен мерекелерді көруге болады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21-ші жылдығында Шангерей Ибраевтың жұмыстарының көрмесі жаңғырған дәстүрге ие болды. Бәлкім, ол біздің көз алдымызда болып жатқан ежелгі көшпенділер рухының оянуына, ұлттық қолөнер мен қазақ халық дәстүрлерінің  жаңғыруына разы болар еді.

«Кешеден келдім бүгінге...» атты көрме жұмысы 2012 жылдың 11 мамырынан 30 шілдесіне дейін жұмыс істейді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=597%3A---l--r&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502