Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2391 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 12:48

Халыққа қолдау керек, Бекболат мырза!

Соңғы кездерi көзi қарақты оқырман экс-депутат Бекболат Тiлеухан­нан көз жазып қалды. Осыған байланысты БАҚ-та "Қа­най­ұлы қайдасыз" деген сияқты әртүрлi мақалалар жариялануда. Журналистер шаммен iздеп жүрген Бекболат Тiлеухан табылды. Күнi кеше ол "Аманат" интеллектуалды пiкiрсайыс клубының отырысына келдi. Жай келген жоқ "Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күреспедi ме?" деген өзектi тақырыпта баяндама жасады.

Соңғы кездерi көзi қарақты оқырман экс-депутат Бекболат Тiлеухан­нан көз жазып қалды. Осыған байланысты БАҚ-та "Қа­най­ұлы қайдасыз" деген сияқты әртүрлi мақалалар жариялануда. Журналистер шаммен iздеп жүрген Бекболат Тiлеухан табылды. Күнi кеше ол "Аманат" интеллектуалды пiкiрсайыс клубының отырысына келдi. Жай келген жоқ "Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күреспедi ме?" деген өзектi тақырыпта баяндама жасады.

Таяуда "Время" газетiне сая­саттанушы Данияр Әшiмбаев "Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күрескен жоқ" деп айды аспан­ға шығарған болатын. Өз сұхбатында ол "Мен "Алаш орда" немесе 20-жылдардағы пантүркис­тiк көңiл-күйдi айтып отырған жоқпын. Бiрақ бұдан кейiн тiптi КСРО тарағанға дейiн тәуел­сiздiк үшiн қандай да бiр күрес жүргiзiлген жоқ" деп көлгiрсидi. Данияр Әшiм­баевтың бұл пiкiрiмен келiспей­тiнiн Бекболат Тiлеухан баяндамасында егжей-тегжей баяндайды. Оның айтуынша, тәуелсiз­дiгiмiзге, тарихымызға, дәс­түрiмiз бен дiнiмiзге байланысты айтылып жүрген келеңсiз пiкiрлердiң объективтi себебi - отарлық сая­саттың салдары. Ал субъек­тивтi себебi саяси күштердiң мақсатты саясатында жатыр деп есептейдi әншi. "Бiр халықты бағындырудың екi жолы бар, бiрi - қырып жою, жер бетiнен жойып жiберу. Екiншiсi - ұлттың тарихи санасын өшiру. Бiздi қырып көрдi, құдайға шүкiр, жойылып кеткен жоқпыз, содан соң тарихи санамызды өшiрудi қолға алды. Сол сананы табиғи қалпына келтiрмей ұлт бiрлiгi көтерiлмейдi", -дейдi Бекболат Қанайұлы.

Д.Әшiмбаевтың "Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күрескен жоқ" деуi шылғи өтiрiк. Мәселен 1941 жылы соғыс басталғанда Оралда "Қазақ халқын қорғау ұйымы" деген ұйым құрылған. "Бұл дерек мемлекеттiк қауiп­сiздiк комитетiнiң архивтерiнде бар. Ұйым өз жарғысында қазақтың тiлiн, тарихын, дiлiн сақтауды, ұрпағына жеткiзудi мақсат ететiнiн жазған. Ал "Хрущев жылымығында" Мұрат Әуезовтiң "Жас тұлпар" ұйымын құрғанын жақсы бiлемiз. Мұндай мысалдардан, әсiресе, жастар бейхабар. Сондықтан да қазақтар тәуелсiздiк алуға күрескен жоқ деген сөз шығып отыр", - дейдi Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Жанна Қыдыралина.

Ал мәжiлiс депутаты Алдан Смайыл болса, 1969 жылы Керекуде "Жас ұлан" атты ұйымды небәрi 15 жастағы балалардың құрғанын тiлге тиек еттi. "Жетекшiсi Арман Қаниев деген бала болған. Соның таратқан үнпарағы: "Сендер, қазақ деген ұлы халықсыңдар, ғасырлар бойы еркiндiк iздеп, қара түнек қанды жылдарда бақытты аңсаған елсiңдер!", деп басталады да, орыстандыру саясатына қарсы күресуге шақырады. Сол Арман Қаниев бастаған балаларды билiк ұйым құрғаны үшiн интернаттан қуып шыққан, ЖОО түсiрмеген, жұмыс та бермеген, қаңғытып жiберген", - дей­дi Алдан Смайыл.

Журналист Жұлдыз Төлеу Данияр Әшiмбаев сияқтыларға мән берiп, оған қарсы сөйлеу атағы дардай Бекболат Тiлеу­хан­ға ұят екенiн айтты. Жур­налистiң "Сiз неге Жаңаөзен көтерiлiсiне байланысты пiкiр бiлдiрмедiңiз" деген сауалына экс-депутат: "Мен өз позициямды Жаңаөзен болмай тұрып парламент қабырғасында, сондай-ақ Нұрлан Ерiмбетов жүргiзген "Сарапшы" клубында айттым. Бәрi бiткеннен кейiн айтатын сөздi айтып жатқандар көп-ақ. Жаңаөзен қасiретiне 7 ай бойы жүйенiң селт етпеуi адамның ақылына сыймайды. Сол айтыл­ған сөздер сол кезде ескерiлуi керек едi. Ал ендiгiнi "жау кеткен соң қылышыңды боққа шап" дейдi" деп жауап бердi. Сондай-ақ ол Жаңаөзенге байланысты сөзiн Мұхамеджан Тазабеков жазған "Сабыр, хал­қым" әнiн шығарғанын айтты. Әншi дөңгелек үстелге жинал­ғандарға Ибрагим Ескендiр орындайтын әндi интернеттен тауып тыңдауды ұсынды. Тыңдадық. Аты айтып тұрғандай Жаңаөзенде қан жұтқан халықты сабырға шақыратын ән екен. Бiрақ жалғызынан ажыраған ананың немесе жазықсыз сотталғалы отырған ағайынның туыстары бұл әнге қалай сабыр ететiнiн түсiне алмадық?  Бекболат Тiлеухан әнiн жазған "Сабыр халқымның" алғашқы шумағында:

"Аш па, тоқ па бiр құдай деп,

Арды ойлаған ер қайда-ау?

Дүние малға дауласпауға,

Қолды берген мәрт қайда?", - дейдi.

Сондай-ақ әнде: "Өз қолыңмен жасап шыққан,

Бостандықтың сарайын,

Өз қолыңмен бұзасың ба?

Көзiң қиып ағайын" - деген өлең шумақтары кездеседi.

Бұл әнге көп түсiнiктеме берудiң қажетi шамалы. Өйткенi әнде әншi жаңаөзендiктерге "ашсың ба, тоқсың ба арды ойла" деп ақыл айтады. Менiң­ше, Бекболат Тiлеухан "позициямды Жаңаөзен көтерiлiсiне дейiн бiлдiрдiм" демей "37-нiң сотында" халықтың сөзiн сөйлесе, сонысы жөн болар едi. Өйткенi таяуда жаңаөзендiктер­ге қатысты сот үкiмi шығады. Ал сот қарашаны ақтап алады дегенге сену қиын

Серiк ЖОЛДАСБАЙ,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217