Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2202 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 08:08

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» велокөпкүндігінің төртінші кезеңінде жеңіске жетті

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ - Алмас Жұмабаев. «Астана» велокомандасы сейсенбі күні «Тур де Франс» көпкүндігінің төртінші кезеңінде бөлек стартпен командалық жарыста жеңіске жетті.

Ұзақтығы 39 шақырым болатын Францияның Монпелье жолдары арқылы өтетін бұл кезеңді «Астана» велокомандасы 46 минут 29 секундта жүріп өтіп, қарсыластары  «Гармин-Слипстрим» командасынан 18 секундқа озып кеті. Жеңімпаздар үштігін «Астанадан» 40 секундқа қалып мәреге жеткен «Саксо Банк» қорытындылады.

Төртінші кезеңнен кейін көшбасшының сары жейдесін «Саксо Банк»  үшін жарысқа қатысқан швейцариялық Фабиан Канчеллара сақтап қалды. Ол «Астана» үшін сайысқа түскен «Тур де Франс» жарысының жеті дүркін чемпионы,  американдық Лэнс Армстронгтан бірер сәтке ғана озып кетті. 

Командалық жарыстағы табыс Йохан Брюнельдің тәрбиеленушілеріне бәсекелестерін бас классификацияның жоғарғы жағынан ығыстыруға мүмкіндік берді. Армстронгтан кейін жалпы есептегі үшінші орынға «Тур де Франс-2007» жарысының триумфаторы, Испания өкілі Альберто Контадор (ұтылыс 19 сек- ҚазТАГ), неміс Андреас Кледен- төртінші (23 сек), американдық Леви Лайфаймер – бесінші (31 сек) және испаниялық Аймар Субельдия- жетінші (51 сек).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417