Сенбі, 5 Қазан 2024
46 - сөз 5393 27 пікір 1 Шілде, 2021 сағат 15:34

Араб тілін мектепте оқыту қажет пе?

Академик Ғарифолла Есім осы мәселені көтеріп, БҒМ министрі  А. Аймағамбетовке "Араб тілін мектептен бастап оқытайық" деген үндеу жариялапты. Яғни, қазіргі үштілділік бағдарламасын "төртілділікке" көшіру қажет деген бағытта.

Өткен жылдары Д.Назарбаеваның "Қытай тілін үйрену керек" дегенін ескерсек, онда біздің балалар "бестілділік" форматына көшуі керек болады екен...

Оның ар жағында тағы қай тілдер кезекте тұр деп ойланасың кейде...

Бұл жақсы ма, әлде, біз баланың жетілмеген психологиясын үрлемелі шар деп ойлауымыздың көрінісі ме?

(ШАР ДА ЖАРЫЛАДЫ ҒОЙ БІРАҚ)...

Енді Ғарекеңнің ұсынысына қайта оралайық:

Комменттерді қарасам, кей адамдар мәселенің мәнісін де түсінбей жазады екен,

Мысалы "Ата бабамыз арабша оқыды" дейді. Олар Тіл мен Таңбаны ажырата алмай отырып, өздерінше ой айтпақ болады...

Ата бабымыз латын, сосын киррилица енгенге дейін араб қарпін пайдаланды. Бірақ, қазақ тілінде. Кез келген тілді жүздеген таңбамен жазба тіл етуге болады. Тіптен, морзе әліпбесімен де. Сол үшін кім "Морзе тілінде оқыдық не сөйледік" дер екен?

Тіл - логикалық оймен, дүниетаныммен, салт-дәстүрмен байланыста дамиды. Ал оған қажеттілік көбіне саяси жағдайларға тәуелді болады.

Дәл қазіргі кезеңде Қазақ мемлекттілігі үшін, жақын болашақта да, халқымыздың алдында ондай - араб тіліне деген қажеттілік туып отырған жоқ, тумайды да.

Мысалы, қазір, тіпті, БАЭмиратына (арабтарға деңіз) барушылар да ағылшын тілін емін еркін қолдануда.

Ал араб тілін тек "дін білу үшін" десеңіз - біздегі ислам өз радикалдануы жағынан арабтан асып түсіп, талибандарға жақындап қалды. Сол үшін оларға араб тілі соншалықты қажет болып тұрған жоқ. Деструктивті, мемлекет заңымен тиым салынған ағымдарға өту өз тілімізбен-ақ жүріп жатыр ..

Сондықтан, араб тілі

1. Экономикалық тұрғыда,

2. Ғылым-білім тілі ретінде,

3. Ұлттық мүдде тұрғысынан,

4. Әлеуметтік біртектілік, яғни, бірлік пен татулық тұрғыдан,

5.Философия не әдеби тіл тұрғыдан қажеттілік туғызып отырған жоқ.

Керісінше, біз араб әлеміне бәсекелес (оған орыс, қытайды қосыңыз) түркі әлеміне ортақ түркілік тіл туралы ойлана бастауымыз керек...

Көп ғалым лингвистер оның негізінде қазақ-татар-әзербайжан (түрік) тілдері топтасуынан, соның ішінде қазақ тілінің басым варианты дұрыс деп болжауда...

Бұл процесс енді жандана бастады.

Жалпы, менталдік тұрғыда араб әлемі прототүрік, әсіресе, қазаққа тән Номадтық дүниетанымға қайшы әлем.

Қазақ әлемі - рыцарлық дәуір ережелеріне негізделген. (Батырлық, Өрлік, Шындық - соған сай Аңғалдық, яғни, ашық психология).

Араб әлемі - отырықшы дәстүріне сүйенген (саудагершілік - соған сай Қулық, яғни, бүркемелі (жабық) психология).

Осының қайшылықты көрінісі қазірдің өзінде біздегі ұлттық тұтастықты бұзып жара бастады. (Діни радикализм туралы тиымдық заңдардың шығуы соның дәлелі).

Ұлттық дәстүрден кеткен дінді халық қабылдамайды, тіпті, әкесі ұстанған болса да!

Бірақ қазіргі қазақстандық ислам "ата-баба діні" дегенді жиі қолданады.... Алайда оның (ата баба дінінің) қазіргі исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын ескеру қажет.

Сондықтан, қазіргі діншіл догматтардың "ата-баба дініміз" деуі жалған. Оның "ислам" деген аты болмаса, ата бабаның дінінің заты бөлек...

Қалың қазақ кезінде оны араб тілінсіз ақ атқарған!

Қазір де солай болуы тиіс.

Болашақта да солай болуы керек.

Қазақ тілін үйрен деу керек балаларға!

Одан артық ештеңе қажет емес.

(Өзге тілдер қажеттілік шеңберінде ғана қалсын)

Әбдірашит Бәкірдің жазбасы

Abai.kz

27 пікір