Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4134 0 пікір 8 Шілде, 2021 сағат 13:20

10 жылда Түркіменстаннан 2 миллион адам кеткен

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге жаңа шектеу қойылды. Ауызша берілген тапсырма бойынша, бұдан былай оларға шетелге шығатын төлқұжат берілмейтін болады.

Азаттықтың Түркіменстандағы тілшілерінің хабарлауынша, қолында төлқұжаты бар азаматтарға жақын күндері қайта өткізу жөнінде билік тарапынан бұйрық түскен.

"Бюджет қызметкерлерінен жаппай шетелге шығатын төлқұжаттарын ұзартуға арыз бермеу жөнінде тілхат алып жатыр. Мұндай тыйым бізге ауызша айтылды", - дейді аты-жөнін жасырған бюджет мекемесінің қызметкері.

Сонымен бірге егер кімде шетелге шығатын төлқұжаты болса, жұмысқа алынбайды деп ескерту жасалған.

Түркіменстанда биыл халық санағы жүргелі жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір елде 2,7-2,8 миллион азамат тұрады.

Осыған дейін Түркіменстанда 6 миллион адам тұрады деп айтылып келді.

Түркіменстан елден кеткен азаматтар туралы мәліметті ешқашан жариялаған емес. Бірақ соңғы 10 жылда Түркіменстаннан 2 миллионға жуық азамат кеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1069
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710