Досалы САЛҚЫНБЕК, тарих ғылымдарының кандидаты: КӨМУСІЗ ҚАЛҒАН БОЗДАҚТАР қазақ тарихында қалай дәріптелуі керек?
Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінде өткен ғасырдың 30-жылдары халқымыз басынан кешкен зұлмат аштыққа арнайы тоқталып, 31 мамыр күні Астанамызда «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының бұл бастамасы ел ішінде үлкен қолдау тауып, серпіліс туғызды. Өйткені 30-жылдары біздің халқымыз сияқты аштық зұлматын басынан кешірген украин халқының бүгінгі ұрпақтары аштық қасіретін арнайы халықаралық дәрежеде көтеріп жатқанда, біздің үкіметіміз бұл қасіретке байланысты кең көлемді бірде-бір шара өткізбеді. Ең болмаса ашаршылық құрбандарын еске алу күнін белгілеп, соның арасында тоталитарлық режимнің халқымызға қарсы жасаған қаскөй саясатының салдарынан құрбан болған миллиондаған жандарға тағзым етуге де жарамай келді.
Екіншіден, біздің халқымыз осы уақытқа дейін екі миллионнан астам зұлмат құрбандарының жоқтаушысы бола алмайды. Сөздің шын мәнісінде бейкүнә құрбан болған ата-бабаларымызды лайықты еске алып, құрмет көрсете алмай келдік. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыздың қанатты сөзін жиі-жиі айтқанымызбен, оның ішкі мән-мағынасына жете мән бермедік. Тоталитарлық әкімшіл-әміршіл кезеңдегі халқымыздың басына төнген қайғы-қасіреттің зардабы орасан болатын.
Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінде өткен ғасырдың 30-жылдары халқымыз басынан кешкен зұлмат аштыққа арнайы тоқталып, 31 мамыр күні Астанамызда «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының бұл бастамасы ел ішінде үлкен қолдау тауып, серпіліс туғызды. Өйткені 30-жылдары біздің халқымыз сияқты аштық зұлматын басынан кешірген украин халқының бүгінгі ұрпақтары аштық қасіретін арнайы халықаралық дәрежеде көтеріп жатқанда, біздің үкіметіміз бұл қасіретке байланысты кең көлемді бірде-бір шара өткізбеді. Ең болмаса ашаршылық құрбандарын еске алу күнін белгілеп, соның арасында тоталитарлық режимнің халқымызға қарсы жасаған қаскөй саясатының салдарынан құрбан болған миллиондаған жандарға тағзым етуге де жарамай келді.
Екіншіден, біздің халқымыз осы уақытқа дейін екі миллионнан астам зұлмат құрбандарының жоқтаушысы бола алмайды. Сөздің шын мәнісінде бейкүнә құрбан болған ата-бабаларымызды лайықты еске алып, құрмет көрсете алмай келдік. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыздың қанатты сөзін жиі-жиі айтқанымызбен, оның ішкі мән-мағынасына жете мән бермедік. Тоталитарлық әкімшіл-әміршіл кезеңдегі халқымыздың басына төнген қайғы-қасіреттің зардабы орасан болатын.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары-ақ бұл зұлмат аштықтың себеп-салдарын зерттеу жөніндегі еліміздің қоғам қайраткерлері, депутаттарынан және тарихшы ғалымдарынан құралған арнайы комиссия жұмысының қорытындысы жарияланған болатын. Мәселен, 1992 жылы желтоқсан айында баспасөз беттерінде Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі төралқасының «Қазақстан орталық атқару комитеті мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы «Бай шаруашылықтарды тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13 қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодал байларды тәркілеу мен жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19 ақпандағы «Жаппай-ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төралқасы комиссиясының қорытындылары мен ұсыныстары туралы» қаулысы жарияланған болатын. Қаулыда Қазақстан Орталық атқару комитеті мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдарды көп құрбандыққа және жаппай саяси жазалауға ұшыратқан шешімдерінің қабылдануы мен орындалуына байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөнінде комиссия жасаған қорытындылар мен ұсыныстар негізінен мақұлданған болатын. Қаулыда: «Қазақстан бұрын-соңды болып көрмеген әлеуметтік тәжірибе жүргізетін алып полигонға айналдырылды». Мұнда «артта қалған халықтардың капитализмге соқпай, социализмге өту мүмкіндігі» туралы қатып қалған маркстік жорамалды іске асыруға қылмысты әрекет жасалып, ол Қазақстан этностары тіршілігінің дәстүрлі жүйесін күйретіп тынды және сайып келгенде, тарихтағы бұрын-соңды болып көрмеген апатқа әкеп соқты.
Қасірет ауқымының ғаламат болғаны сонша, біз оны геноцид саясатының көрінісі деп толық моральдық жауапкершілікпен айта аламыз. Мұндай анықтама «геноцид қылмысынан сақтандыру және ондай қылмыс үшін жазалау туралы» халықаралық құқықтың қатаң нормаларынан туындайды» деп басы ашып айтылған еді. Қаулыда келтірілген мәліметтер, нағыз қайғы-қасіретті шындықтың бетін ашады. Мысалы, 1928 жылы Республикада ірі қара 6 миллион 509 мың болса, 1932 жылы соның 965 мыңы ғана қалған. Уақ мал 18 миллион 566 мыңнан 1386-ға дейін кеміген... 1928 жылы 1 миллион 42 мың түйе болған болса, 1932 жылы одан қалғаны 63 мың ғана. Ашаршылық жылдары республика шегінен тыс жерлерге барлығы 1 миллион 130 мың адам көшкен, олардың 676 мыңы біржола кеткен де, 454 мыңы кейіннен Қазақстанға қайтып келген. Адам шығыны тіпті сұмдық: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 миллион 200 мың адамынан, яғни барлық қазақ халқының 49 пайызынан айырылды» (Абдрахманов С.А. Тәуелсіздік шежіресі. Астана, Елорда, 2001. 53-54 б). Яғни комиссия қорытындысы бойынша 30-жылдардағы аштықтың себеп-салдары, ауқымы, халқымызға тигізген қасіреті және заңдық тұрғыдағы сипаты ап-айқын айқындалған болатын. Бірақ бар жұмыс осымен шектеліп, тұралап қалған еді.
20-жылдардың аяғы 30-жылдардың бас кезіндегі бүкіл Кеңес Одағында күшейген тоталитарлық әкімшіл-әміршіл жүйенің «қызметіне» зер салып қарасақ, елдің барлық аймағында таптық күрес ұранымен шаруаларға қарсы бағытталған кең көлемдегі шаралардың жоспарлы түрде ұйымдастырылып, іске асырылғанын байқауға болады. Бұл шаралар Сталин бастаған басшылықтың БК(б)П Орталық комитетінің қаулы қарарларымен қабылдатқызған тап жауы ретінде бай-кулактардың (кулактарға бақуатты шаруалар тобы жатқызылды. - Д.С.) шаруашылықтарына қарсы күрес, күштеп ұжымдастыру, тап күресін күшейту, колхоздар мен совхоздардағы шаруашылық дербестігінен айыру, жеке меншікке қол сұғу сынды әрекеттерінен көрініс тапты.
Осы қабылданған партиялық қаулы-қарарларды жүзеге асыру үшін тікелей Сталиннің бұйрығымен күштік құрылымдарының ірі лауазымды өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылып, аса құпия түрдегі «ерекше қаулы» қабылданады. Қаулыда ОГПУ секілді күштік құрылымдардың санын арттырып, 1929-1930 жылдары бюджедтің есебінен оның штаттық құрамын 700-800 адамға көбейту, ОГПУ-дың қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін оны барлық керек-жабдықтарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығындағы социалистік қайта құруларға қарсылық көрсеткен бай-кулак элементтеріне қарсы жазалау шараларын күшейту мақсатында ОГПУ-ға сотсыз, тергеусіз жазалау шараларын жүргізуге құқық беру және жазалау шараларын іске асыру үшін Сібірде, Қиыр Сібірде қосымша лагерьлерді ашуға қаржы бөлу мәселелері айтылған болатын.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы социалистік қайта құруларды кең көлемде жүргізу және кулактардың қарсылығын біржолата еңсеру мақсатында осыған дейін қолданылып келген жерді жалға алу және ауыл шаруашылығындағы жалдамалы еңбекті пайдалану жөніндегі заңдардың күші жойылды. Кулактардың барлық құрал-саймандары, тұрғын-жайлары, өндіріс жабдықтары, астық өнімдері тәркіленіп, олар үш деңгейге жіктелді. Бірінші деңгейге концлагерьлерге қамалатын кулактардың белсенді тобы жатты. Екінші деңгейге КСРО-ның түкпір-түкпіріне жер аударылатындар жатқызылса, үшінші деңгейге өз жерлерінде қалдырылған, колхоздардан тыс жерлер берілген кулактар жатқызылған болатын. Ауыл шаруашылығындағы кулактарды тап ретінде жою жөніндегі арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша 60 мың адам лагерьлерге қамалса, 150 мың шаруашылық басқа аймақтарға көшірілуге тиіс болды. Оның ішінде Қиыр Солтүстікке 70 мың отбасы, Сібірге 50 мың отбасы, Оралға 20-25 мың отбасы және Қазақстанға 20-25 мың отбасы көшірілді. Осы шаралармен айналысатын ОГПУ-дың құрылымдарына тиісті кезек күттірмес көмек көрсету жөнінде жергілікті партия, кеңес органдарына қатаң түрдегі нұсқаулар берілді.
Бүкіл Кеңес Одағын қамтыған ауыл шаруашылығында осындай «дүрбелең» туып жатқанда «іздегенге сұраған» дегендей осыған дейін де қазақ ауылдарына шабуыл жасауға дайындалып жатқан Голощекиннің айы оңынан туды. Қазақ ауылдарында социалистік құрылысты жүргізудің негізгі үлгісі ретінде жаппай ұжымдастыруды жақтаған ол «Қазақ ауылы Октябрь лебін сезінген жоқ», «Қазақ ауылдарында кеңестік билік жоқ», «Орыс кулактары жеткілікті дәрежеде әлсіреді, ал қазақ байына ешкім тиіскен жоқ» деумен қазақтың байырғы көшпелі мал шаруашылығына қарсы соғыс жариялап, қазақ халқын орны толмас қайғы-қасіретке ұшыратқан үлкен дүрбелеңді бастап кетті. Ол 1929 жылы 24 қаңтар күні БК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Когоновичтің атына аса құпия түрде жазған хатында: «Кеңес өкіметінің және партияның ауылды кеңестендіру, бай және кулактарға қарсы күрес шараларымыз бай-кулактардың қарсылығын тудырып, олар террористік әрекеттер жасап жатыр. Сондықтан оларға қарсы қатаң жазалау шараларын күшейту керек» дей отырып, «РКФСР Әділет Халық комиссариаты революцияға қарсы және террористік істерді Мәскеуге жіберуді талап етеді. Ол істерді ол жаққа жібергенде үш аптадай уақыт кетеді. Сондықтан бұл істерді қарауға Қазақстанда ерекше жағдай жасап, өзінде қарауға рұқсат беруіңізді сұраймын» деген болатын. Қазақтың ұлтжанды қайраткерлеріне және Қазақстанның барлық аймағын қамтыған шаруалар көтерілісіне қатысты 20-жылдардың аяқ кезінен-ақ басталған қатаң жазалау шараларының кеңінен жүргізілгеніне назар салып қарасаңыз, Орталықтан Голощекиннің өтініш хатына қандай мағынада жауап келгенін шамалауға болады.
1929 жылдың бас кезінен бастап Қазақстанның барлық аймақтарында күрделі жағдай қалыптасты. Бұл күрделі жағдай, саяси тұрғыдан алғанда Алаш қайраткерлерінің әртүрлі жалалармен жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алына бастауынан көрінсе, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда Голощекиндік бассыздық саясаттың салдарынан қазақ ауылдарын жайлаған алапат аштықтан көрінеді.
Сталин бастаған Орталық басшылары жаппай ұжымдастырудың барысында ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған күрделі жағдай жөнінде хабардар болды. Мемлекеттік арнайы құрылымдардың мәліметтерін, хабарламаларын, партиялық есептерді айтпағанның өзінде 1929 жылдың бас кезінен бастап, Сталин мен Калининнің атына ауыл шаруашылығында болып жатқан заңсыздықтарға байланысты 90 мыңға жуық шағымдар келіп түскен. Бірақ адам баласын жарқын болашаққа жетелейтін «ізгі қадамдар» жолындағы болар-болмас адам шығынын заңды құбылыс деп есептеген көсем оған бола басын қатырып та жатпады. Социализм тереңдеген сайын «тап күресі» шиеленісе түседі деген қағиданы басшылыққа алған пролетариат көсемі үшін құрбан болған миллиондаған адамдардың қаңқа сүйегінен социализмнің іргетасын бекіте түсу заңдылық болып есептелді.
Голощекиндік тоталитарлық әкімшіл-әміршіл саясаттың салдарынан болған еліміздегі күштеп ұжымдастырудың зардабынан халқымыз үлкен қайғы-қасіретті басынан өткерді. Еліміздің өз ішінде халық аштықтан жаппай қырылып жатқанда, аштықтан азық іздеп өзге республикаларға ауа көшкен халықтың бір бөлігі де өте ауыр жағдайды бастарынан өткерді. Мәжбүрліктен өз елін тастап ауа көшкен босқындардың тағдыры өте аянышты болды. Аштықтан қайтыс болған олардың басым бөлігіне туған жердің топырағы да бұйырмады. Қазақтардың шекаралас республикаларға және шет мемлекеттерге үдере көшуінің себебі жөнінде Голощекин өзінің Сталинге жазған хаттарында: «Күштеп ұжымдастырудан, күштеп астық дайындаудан, халықтың қолындағы күнкөріс малын колхозға тартып алудан, күштеп ет дайындаудан халық аштыққа ұшырап, көшіп жатыр» деген жоқ. Қайта керісінше, істің түпкі мәнін қасақана теріс бұрмалап, «контрреволюцияшыл-ұлтшыл элементтердің колхоздастыруға қарсы әрекеттерінен», «шиеленіскен таптық күрестегі бай-атқамінерлердің арандатуынан», «бай-кулактардың қолдарындағы малдарынан айырылғысы келмей қарсылық көрсетуінен» туындап отыр деп жазды.
30-жылдардағы Голощекиндік зұлмат аштықтың салдарынан қазақтардың басым бөлігі Қытай мемлекетінің территориясына ауа көшті. Бұл көш 1929 жылдың аяқ кезінен-ақ басталып, 1930 жылы жаппай сипат алды. ОГПУ-дың толық емес мәліметтеріне қарағанда 1930 жылы 34 977 шаруашылық көшкен болса, 1931 жылы 45 000 шаруашылық Қытай жеріне көшуге мәжбүр болған.
Өз жерін тастап ауа көшкен халықтың әлеуметтік құрамы мынадай болды: 1929 жылы Қазақстанның шекаралық аудандарынан Қытайға көшкендер:
Бай шаруашылықтары - 123, барлығы 739 адам.
Орта шаруашылықтары - 128, барлығы 474 адам.
Кедей шаруашылықтары - 165, барлығы 632 адам.
Барлық шаруашылық 416, 1.845 адам.
1930 ж. Бай шаруашылықтары - 529, барлығы 1.047 адам.
Орта шаруашылықтары - 1315, барлығы 3.028 адам.
Кедей шаруашылықтары - 1634, барлығы 4.365 адам.
Барлық шаруашылық - 3.478, барлығы 8.440 адам.
1931 ж. Бай шаруашылықтары - 291.
Орта шаруашылықтары - 805.
Кедей шаруашылықтары - 1003.
Барлық шаруашылық 2.099.
Батыс Қытайдың Іле округіндегі КСРО-ның консулы Лозовский 1933 жылы қазан айында Голощекиннің атына жазған хатында Қытайдың Іле округінде 1931 жылдан бері Қазақстаннан көшіп келген қазақтардың саны 20 мыңға жеткенін, қазіргі уақытта оларды кері қайтару жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаумен қатар, Қытай жеріне көшіп келген қазақтардың негізгі бөлігі кедейлер, кешегі колхоз мүшелері екенін, олардың қолдарындағы бар дүние-мүліктерін қытайлардың тартып алғандығынан кері қайтуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ екенін ескеріп, қазақтарды кері қайтаруға Қазақстан үкіметі дереу арада қаржы бөліп, шара қолданады деп үміттенемін деген болатын.
Ашыққан халықтың екінші толқыны шекаралас Ресей Федерациясының территориясына қарай ағылды. 1932 жылы ақпан айында БК(б)П Батыс Сібір өлкелік комитетінің хатшысы М. Зайцев Голощекинге жазған хатында Батыс Сібір аймағына Қазақстаннан ауа көшіп келген қазақтардың хал-жағдайы жөнінде мынадай мәліметтерді жеткізген болатын. «1931 жылдың күзінен бастап Қазақстаннан Батыс Сібір территориясына қазақтардың қашуы жиіледі. Кейінгі кезде бұл жаппай сипат ала бастады. Олардың басым бөлігі кедейлер. Қаша көшудің ауқымы қаншалықты екенін мына сандық мәліметтерден көруге болады. Қазақстанмен шектес бір ғана Славгород ауданына 10 000 қазақ келді. Олардың 6000-ға жуығы қалада және қаланың төңірегінде жүр. Олар қаланың шеткі аудандарына, бос үйлерге орналасып алған. Баспанаға қолы жетпегендер көшеде түнеуде. Ешқандай да жұмыстары, дүние-мүліктері жоқ олар аштан өлуде. Олардың арасында әртүрлі жұқпалы аурулар тарап жатыр. Славгородтағы аудандық мекемелерге келген қазақтар, балаларын сонда тастап кетіп жатыр. Балалар үйі лық толған. Өзіміздегі азық-түлік қиыншылығына байланысты аш қазақтарға көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ. Қазақтардың біздің аймаққа қарай көшуіне қарсы шұғыл шаралар қолданыңыздар, оларға қажетті көмек көрсетіңіздер». Қазақстанның батыс аймағынан Еділ бойына көшкен қазақтардың жағдайы да осыған ұқсас болды. Мәселен, 1932 жылы 8 наурызда болған БК(б)П Орта Волга өлкелік партия комитетінің мәжілісінде Еділ бойына жаппай қоныс аударған қазақтардың жағдайы қаралды. Ресейдің Елек, Петров, Каширин аудандары мен Орынбор қаласының төңірегіне көшіп барған қазақтардың саны 50 мың адамға жеткен. Оларды қамтыған аштықтан, жұқпалы аурулардан өлген адамдардың саны мыңдап саналды. Осы мәжілісте Орал Волга өлкелік партия комитетінің хатшысы В.Шубриков ашыққан қазақтарға азық-түлік көмегін көрсету үшін өлкелік атқару комитетінің Орталық шаруашылық ұйымдарына бірнеше рет хабарлағанына қарамастан ешқандай жауап келмей отырғанын мойындауға мәжбүр болды. Орталық комитетке ашыққандарға көмек көрсету үшін қоғамдық асханалар ашу қажеттігін айтып 1,5 мың тонна нан, шай, қант сұраған болатын. 1932 жылы 27 маусым күні Самара қаласынан О. Исаев Голощекинге былай деп жеделхат жолдады: «Станцияларда нан сұрап, ашығып жүрген адамдар өте көп. Азық-түлік көмегінің қайда кеткені түсініксіз. Бюрода азық-түлік көмегі мәселесін қарауыңызды өтінемін».
Орта Волга аймағына бас сауғалап ауған қазақтарды кері қайтару үшін, сол аймаққа барған С.Меңдешов Ф.Голощекиннің және Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы О. Исаевтің атына жазған баяндама хатында ол жаққа барған қазақтардың жағдайының өте ауыр екенін, тұрғын жайсыз, тамақсыз, киімсіз қалған қазақтар арасындағы өлім-жітім күннен-күнге көбейіп отырғанын және қазақтарды кері қайтару жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндаумен қатар, қазақтардың жағдайының одан сайын ауырлауының тағы бір себебі ретінде жергілікті ұлы державалық шовинистік саясат пен тұрпайы бюрократиялық қатынастан екенін атап көрсетеді. Бұл аймақтарда жекелеген шаруашылық басшыларының және партиялық, кеңестік ұйым басшыларының қазақтарға деген шовинистік көзқарасынан қазақтарға асханаларға, клубтарға кіруге тыйым салған. Арзан жұмыс қолы ретінде пайдаланып, қажетті қаржыларын бермеген. Қазақтарды ұрып-соғу, өлтіру оқиғалары жиі-жиі орын алып отырған. Қазақтардан деревняларға келуге, көшеде жүруге тыйым салған. Қазақтарға қарсы бағытталған ұлы державалық шовинистік сорақы бұндай әрекеттердің Батыс Сібір өлкесінде де орын алғанын Батыс Сібір аймақтық прокуроры да өз ресми баяндамасында келтірген болатын.
Аштықтан ауа көшкен қазақтардың үшінші легі көрші Орта Азия республикаларына қарай ағылды. Толық емес мәліметтер бойынша 1931-1932 жылдары Қырғызстанға 100 мыңдай, Өзбекстанға 50 мыңдай, Қарақалпақстанға 20 мыңнан аса адам қоныс аударған. Аш-жалаңаш барған бұлардың да жағдайы өте ауыр болғаны белгілі. Бас сауғалап Иран, Монғолия, Ауғанстан асқан қазақ көшінің саны да аз емес еді.
Аштықтан бас сауғалап жан-жаққа үдере көшкен қазақ көшін «бай-кулак элементтерінің үгіт-насихатына», «контрреволюциялық-ұлтшыл» күштердің қарсылығынан туындап отыр және көшіп кеткендердің басым бөлігі бай-кулактар деуден жағы талмаған Голощекин көшкен халықты кері қайтару үшін партия, кеңес қызметкерлерін аймақтарға жіберуге мәжбүр болды. Өйткені мемлекетке астық, ет өнімдерін беретін шаруашылықтардың орны опырайып қалған болатын. Көшіп кетіп жатқандардың басым бөлігі бай-кулактар деген Голощекиннің көпірме сөзін БК(б)П Батыс Сібір өлкелік комитетінің хатшысы Р. Эйхе тікелей Голощекиннің өзіне жазған мына хатында: «В письме от 20-го марта Вы пишите, что откочевки начелись не только в этом году и что откочевавших нельзя считать каким то голодобешенцами. Нам кажется, что Казак Крайком очевидно неправильно информирован своими местными организациями, если он считает, что то, что имеет место в этом году в чести откочевок, в какой нибудь степени можно сравнить с тем, что бывало в прежние годы. В этом году не только в районы, прилегающие к Казахстану, перекочевали тысячи хозяйств, но даже в таких отдельных районах, как Новосибирск и др, появились откочевавшие из Казахстана казаки. Несомненно, что среди откочевавших бай-кулаки вели и ведут контрреволюционную работу - это не новость. Весь вопрос только в том, почему в этом году контрреволюционная работа бая-кулака было столь успешно, что ему удалось сбить тысячи бедняцко-средняцких хозяйств» деп жоққа шығара отырып, голощекиндік түлкі-бұлаңның бар сыры жөніндегі шындықты ашып айтқан еді.
1932 жылы 19 ақпан күні Өлкелік партия комитетінің мәжілісі болып, онда көшіп кеткендер жөнінде мәселе қаралады. Мәжілісте сөйлеген Голощекин істің мәнін тағы да бұрмалап, Орта Азия Республикаларына көшіп кету байлар мен ұлтшылдардың социалистік құрылысқа қарсылығынан болып отырған іс, оларға Орта Азия республикаларындағы ұлтшылдар мен байлар көмектесіп отыр, барлық ұйымдық жұмысты Ташкентте шоғырланған ұлтшылдар мен топшылдар атқарып отыр деумен мынадай қаулы қабылдатқызады: «БК(б)П ОК Орта Азия бюросынан байлар және олардың басшыларының жетегіндегі кедейлер мен орта шаруаларды олардан бөліп алып, Қазақстанға ерікті түрде қайтаруға жәрдем сұрау. Кеңестік мекемелерді және Қазақстандық жоғары оқу орындарын ұлтшыл және топшыл элементтерден тазартып, партиялық жауапкершілікке тарту». Осы қаулыдағы белгіленген іс-әрекеттерді жүзеге асыру және Орта Азия бюросымен келіссөз жүргізу үшін Ташкент қаласына Кахиани іссапарға жіберілді.
Көшіп барған қазақтарды кері қайтару жөніндегі голощекиндік әпербақандық көр-соқыр саясатты түсінген БК(б)П Орталық комитеті Орта Азия бюросы 1932 жылы 28 наурызда Бауман, Ф. Ходжаев, Лепа, Серғазиевтардың қатысуымен болған мәжілісінде «Көшіп келген қазақтарды Қазақстанға қайтару туралы» мәселе қарап, ерекше шешім шығарады. Ол шешімде: қазақтарды кері қайтару ісінде тұрпайы әрекеттердің (еріксіз, күштеп қайтару) орын алып отырғандығы және қазақтардың кері көшуі түсіндірме жұмыстарынан кейін ерікті түрде жүру керектігі айтылған болатын (Ескерту: Мақалада Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан алынған мәліметтер пайдаланылды).
Мыңдаған қазақтар барған жерінен де пана таппай, өз туған жеріне кері қайтуға мәжбүр болды. Бірақ Қазақстан үкіметі оларға қол ұшын беруге дәрменсіз болатын. Ары-бері сеңдей сапырылысып аштан өлген миллиондаған қазақтың өлі денесі жан-жақта шашырап көмусіз жатты. 1930-1933 жылдары қазақ халқын жаппай ашаршылық қамтыған кездің өзінде де орталыққа Қазақстаннан астық, ет өнімдерін дайындап жіберу тоқтаған жоқ. Бұны біздің халқымызға қарсы тікелей жасалған геноцид демей, не деуге болады?
Алдағы уақытта 2 миллионнан астам бейкүнә көмусіз қалған ата-бабаларымызға лайықты құрмет көрсету және оларға тағзым ету үшін, сондай-ақ бүгінгі ұрпақ бұндай зұлматтың қайғы-қасіретін лайықты түсініп, санасына сіңіріп түйсінуі үшін мынадай басты шараларды қолға алып, іске асыру міндетіміз болып табылады.
1. Жыл сайын 31 мамыр күнін «30 жылдардағы аштық құрбандарын және саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күні ретінде қаралы күн деп жариялау.
2. 31 мамыр күні жоғары оқу орындарында, колледждерде, орта мектептерде 1 минуттық үнсіздік жариялап, аштық құрбандарын және саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету. Бұл күні еліміздің туы түсіріліп, барлық мекемелердегі сауық-сайран кештері, сән-салтанатты әуендер тоқтатылуы тиіс.
3. 30-жылдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіштер барлық облыс орталықтарында, белгілі тарихи орындарда орнатылуы тиіс.
4. Жас ұрпақтың санасында тоталитаризмнің не екенін, отаршылдық саясаттың не екенін ұғындыру үшін, жыл сайын 31 мамыр күні қарсаңында Республика көлемінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы арнайы дайындалған бағдарламаларды кеңінен насихаттау.
«Айқын» газеті
Отандық киімді қашан киеміз?
18-Maмыр, 2012
Пікірлерді көру
983Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының даму қарқынына көңілі толмайтынын білдірген еді. «Жеңіл кәсіп туралы мүлдем ұмыттық. Бұнымен ешкім нақты айналыспайды, былғары өңделмейді, киім тігілмейді. Неге осылай болды?» деген сауалдарды қоя отырып, тиісті сала министрліктеріне осы мәселені оңалтуды тапсырған еді.
Кеңес заманында Қазақстанның көптеген қалаларында киім, аяқкиім тігетін фабрикалар жұмыс істеп, халыққа осы тауар түрлеріне деген сұранысын қанағаттандыра білді. Сапасы да айтарлықтай жоғары болатын. «Жетісу» аяқкиім фабрикасы секілді өндіріс орындары ішкі сұранысты қамтамасыз етуге қауқары жететін еді. Қызылжардағы тері кәсіпорыны, «Алматы мақта-мата» комбинаты, Шымкенттегі «Восход», «1-Май» фабрикалары, Қызылорда аяқкиім фабрикасы дүрілдеп жұмыс істеп тұрған уақыттарды еске алсақ та жеткілікті. Сол кездегі ішкі өнімнің 15 пайыздан жоғары бөлігін жеңіл өнеркәсіп саласы беріп тұрғаны да көп жайттан хабар берсе керек. Ал қазір неге олай емес? Ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс жасап келген мұндай фабрикалардың істен шығуы бәсекеде шетел өнімдері басым түскендіктен ғой.
Қазақстандағы Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. «Егер бұл бағдарлама өз нәтижесін беретін болса, қазақстандық тігін өнеркәсіптері ішкі нарықты жаулап алған импорттық тауарларға бәсекелестік таныта алады» дейді мамандар.
Қазақстан индустриясын дамыту институтының мамандары Қазақстан жеңіл өнеркәсібі ішкі нарықтағы көшбасшы болуы керек дейді. Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі туралы кейбір мәліметтерге қарағанда, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2007 жылы 38,1 млрд. теңге болса, 2008 жылда 28 пайызға төмендеген, ал 2009 жылы 20,4 млрд. теңгені құрап отыр.
2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте 20 мың қызметкер жұмыс істесе, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша олардың саны 13,7 мың адамға дейін қысқарып кеткен. Осы аралықта республикадағы өндіріс 2,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін құлдыраған.
Зерттеу мәліметтері бойынша, елімізде жеңіл өнеркәсіпке деген сұраныстың жалпы көлемі 5-6 млрд. долларды құрап отыр. Бұл елдегі импорттың үлесі 97 пайыз деген сөз.
Президент Жарлығына сәйкес «Оңтүстік» деп аталатын экономикалық белдеу құрылған болатын. Мұнда еліміздегі мақта-мата шикізатын дайын өнімге дейін жасап шығару мақсаты көзделген. «Оңтүстік» аймағында 15 тоқыма кәсіпорындарын ашу жұмыстары қолға алынған.
Сарапшылардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы Қазақстанның мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған сала өнімдерін ішкі нарықта 30 пайыздан асыруға болатын көрінеді. Ал тікелей инвестициялардың көлемін 70 пайызға дейін жеткізуге де жағдай бар. Бұл, әрине, сарапшылардың жекелей пікірі, шығарып салма сөзі деуге де болады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін ішкі нарықта 30 пайыздан асыру дегеніміз, ертегідей екенін осы мәселемен шұғылданатындар айқын білетіні де анық. Ал инвестицияға келетін болсақ, бұл үйреншікті дағды. Кез келген кәсіпорынға инвестиция тартпай-ақ қарқын берудің әдіс-тәсілдері де аз емес екенін мамандар айтып жүр.
Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова жағдайды реттеу үшін саладағы кәсіпорындарға қосымша құн салығын азайтып, 5 жыл бойы салық салмауды ұсынып отыр. «Тек сонда ғана отандық кәсіпорындардың аяғынан тік тұрып кетуіне мүмкіндік бар» дейді ол. Худованың айтуынша, қазір елде сырт киім бойынша импорт экспорттан 200 есе, ал көрпе-жастық, төсек жиынтығында бұл көрсеткіш 1000 есе артық. Ал шетелдік тауарлармен бәсекелестікте озу үшін бұл саланы салықтан құтқару дегеніңіз де ертегідегідей құрғақ қиял секілді екенін әркім-ақ түсіне білсе керек. Ал шетелдің тәжірибесі қандай? Соған ой жіберіп көрелікші.
Бүгінде Түркия мен Қытайда жеңіл өнеркәсіптен түсетін пайда 30 пайыз болса, Италияда 12 пайыз, Германия, Франция, АҚШ-та 4 пайыз шамасында. Бұл бюджеттің 20 пайызын толтырып, елдегі өз өнімдерінің үлес-салмағын 75-85 пайызға дейін жеткізуді қамтамасыз етуде. Ең бірінші осы елдердің тәжірибесін зерттеп, білу қажет емес пе? Бізде мұндай тәжірибені зерттеп, үйреніп жүзеге асырайық дегендей пікірлер естілер емес. Ал көршілес Ресейде ішкі өнім 1 пайыз болса, Қазақстанда 0,4 пайыздан аса алмай отыр дегендей де статистикалық мәлімет бар. Демек, Ресейдегі жағдай да біздегідей деп ұғынуға болады. Ал Қазақстанда 0,4 пайыз болса, оны енді 30 пайызға жеткізу жолдары қандай? Мұны ешкім де дөп басып айта қойған жоқ.
Қазақстанда саудаланатын киім-кешектің 75 пайызы Түркия, Қытай, Ресей және Қырғызстаннан әкелінеді. 2007 жылдан бері жалпы жергілікті өндіріс өнімдерінің ішінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының үлестік салмағы екі есе кеміп, жарты пайызға дейін азайып кеткен. Сөйтіп базардағы киім-кешектердің, аяқкиімдердің барлығы өзіміздің өнімдер емес. Осыған қарап-ақ отандық жеңіл өнеркәсіптің қай деңгейде екенін пайымдай беруге болатын шығар.
Ірі қалаларда әртүрлі сәнді киім тігетін фабрикалар бар. Бірақ олардың өнімдері жаппай халыққа арналмаған. Көбінесе жеке тапсырысты орындаушы деңгейінде жұмыс атқарып келе жатыр. Ал сонда бүкіл халыққа кімдер, қалай жаппай киім тігіп бере алады? Мамандардың айтуына қарағанда, киім тігуге қажетті жіп өнімдері Өзбекстан, ал оның бояулары Түркиядан тасымалданады екен. Ал өзімізде шығарылатын жіптердің бағасы қымбат. Көптеген дамыған елдердерде жеңіл өнеркәсіптен түсетін пайда 8-12 пайызды құрап отыр. Кейбір елдерде 20 пайызға дейін жетеді. Ал елімізде бұл көрсеткіш бұдан 8 пайыздан төмен, оның ішінде аяқкиім өндірісінің көрсеткіші мардымсыз деуге болады.
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы үстемдік құрып тұрған елдерді айтатын болсақ, олардың қатарына Қытай, Үндістан, АҚШ, Италия, Түркия, Тайвань, Жапония, Индонезияны жатқызуға болады. Бұл елдердің жеңіл өнеркәсіп саласы соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске түсті. Жеңіл өнеркәсіп - бұл әлемдік экономиканың тұтас бір кешені. Ол көптеген елдердің бюджетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып отыр.
Қытай, Қырғызстан және өзге де елдерден келіп жатқан киім-кешектер, аяқкиімдердің бағасы арзан және ол тауарлардың заман талаптарына сай, бүгінгі сұраныс пен сән үлгілерінің талабын ескере отырып тігілетіндігі белгілі.
«Қазақстанда өндірілетін киімдердің бағасы өте қымбат. Бізге Қытайдың, Қырғызстанның киімдерін алған әлдеқайда тиімді» деген сөздерді де жиі естиміз. Мұндай пікірлерді жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, қымбат болса да, сол өнімдерді сауда сөрелерінен көре алмай келеміз. Отандық жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың басты талабы сырттан келетін тауарларға бәсекелес болу емес пе?
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміздегі мақтаның өнімі 400-450 тоннаға дейін жетіп отыр. 15-20 мың тонна жүн, 7 миллион данадай тері шикізаттары жиналады екен. Сонда осыншама шикізаттан тігілген киім-кешектер қайда? Әлде мұндай шикізаттар қоймаларда шіріп жатыр ма? Бұған жауап жоқ және жауапкер болатын басшы да жоқ деуге болады. Олай дейтініміз, тиісті саланы басқаратын министрліктің басшысы он жылдың көлемінде жеті рет ауысып үлгерген екен. Демек, бізде жеңіл өнеркәсіптің тұралауы содан да болуы мүмкін. Солай болса да, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің Ассоциациясы ертеңге үлкен сеніммен қарауда.
Елбасымыз отандық өндірістерді дамытуда, шағын өндіріс ошақтарын көптеп ашу жөнінде айтып-ақ келеді. Алайда, жеңіл өнеркәсіп саласының басшылары мұндай талапты терең ұғына қоймайтынға ұқсайды. Елбасы нұсқаған «шағын өндіріс ошақтары» деген не? Бұл, біздіңше, жеке адамдардың шағын кәсіпорындары, шағын бизнес түрі емес пе? Шетел тәжірибесіне үңілсек те, бизнес дамыту теориясына үңілсек те әу баста шағын өндірістер көбейіп, дами келе ірі кәсіпорынға айналады емес пе? Философия заңдылықтары бойынша да, ұсақтан ірі, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалу-даму заңдылықтары болса керек. Демек, әуелі шағын кәсіпорындарды және жекелеген кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау жөн болмақ. Өкінішке қарай, бұл жөнінде тиісті орындар басшылары сөз қозғар емес. Олар әдеттегідей істі инвестиция тартып, салықтан босатылып, әлемде теңдесі жоқ кәсіпорын ашу жөнінде қиялдаумен жүрген секілді. Жалпы жеңіл өнеркәсіптің құлдырауы кәдімгідей қара базарлардың шетқақпай болып жабылып, азаюымен, жекелеген адамдарға сауда-саттық жасауға қысым мен кедергілердің барған сайын күшейе түсуімен сабақтас екенін дәлелдеу қиын болмаса керек.
Ал шетелде қалай еді? Қазір бұл сала аса күшті дамып келе жатқан Оңтүстік Азия елдерінде дәл осы қара базарлар мен жеке кәсіпкерлерге күшті қолдау жасалып, оларға еркіндік берілуінен екенін ұғыну қиын емес болар. Егер киім тігетін жекелеген адамдар өздерінің тауарларын өткізетін орындар таба алмаса, яғни сауда-саттыққа шығаруда қысым көрсе, олар қалай дамымақ? Тіпті шетелдердегі ірі бизнес алпауыттарының өміріне көз жүгіртсек те олардың әуелі жеке кәсіпкерлікпен, сонан кейін шағын бизнеспен айналысып, бірте-бірте өндірісі ұлғайғанын ұғынуға болады. Демек, жеңіл өнеркәсіпті дамытамыз десек, киім-кешек тігетіндерге қамқорлықты күшейту жолдарын қарастырған жөн. Мұндай пікірлерді олардың аузынан жиі естуге болады.
Шетел кәсіпкерлерінің екінші қырына үңілсек, олардың киім үлгілері қалай жасалатынына ой жүгірткеніміз жөн. Мәселен, Қытайдан қаптап келіп жатқан киім-кешек үлгілеріне зер салайықшы. Бұл киім-кешектерден қытайдың ұлттық нышандарын, сән үлгілерін аңғару қиын болмас. Қытайдың арзан киім-кешегін қазір қазақтар жаппай киіп алып, сырттай қытайларға ұқсап жүргені жөнінде әзіл-оспақты жиі еститін болдық. Ал Еуропа мен Америкадан келетін киім-кешектерді киюді сәнге айналдырып, еуропалық мәдениетке бейімделе бастадық. Тіпті, мектеп оқушыларына дейін оқушыларға Еуропа елдерінің костюмдерін үлгі етіп алғанымыз қалай? Демек, әр ел киім-кешектерін тіккенде өздерінің ұлттық сән үлгілерін, нақыштарын пайдалануға баса мән береді екен. Неге бұлай? Өйткені, қандай ұлт, қандай ел болсын, өздерінің киім үлгілерін киюге бейім болмақ. Сондықтан да ішкі нарықта мұндай киімдер өтімді болатынын ұғыну қиын емес. Қайсы ел болсын ішкі нарықтан артылғандарын экспортқа шығарады емес пе? Ал бізде осы мәселеге көңіл бөлу былай тұрсын, қазақтың ұлттық құндылықтарынан безіну үрдісі барған сайын күшейе түскені жасырын емес. Неге? Өйткені, қазіргі биліктегі шенеуніктердің басым көпшілігі қалалы жерде туып, орыс мектептерінде оқып, Батысты өнеге етіп өскен азаматтар емес пе? Олар қазақтың ұлттық музыкасын түсінбейтіні секілді, ұлттық киім үлгілеріне де жатырқай қарайды. Мұны өткен ғасырлардағы ескіліктің қалдығы деп санайды. Тіпті қазір сахнаға арналып тігілген қазақтың ұлттық киімдеріне дейін өткен ғасырлардағы олпы-солпы киім үлгілері екенін байқайсыз. Сый-сияпатқа арналып тігілген шапандар мен камзолдардың өзін қазақтардың ешқайсысы киіп жүрмейтінінің сыры осында болса керек.
Ал шын мәнінде қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілері осыншама ебедейсіз, қонымсыз болған жоқ қой. Қазақтың хандары мен әйгілі байларының, әсіресе, әйелдері мен жастарының қандай сән үлгісін ұстанғанын мұражайдан көрсеңіз, оның жарасымдылығына, денеге қонымдылығына қайран қаласыз. Демек, жалпы қандай ұлттың болсын, ұлттық киімдерінің сән үлгілері уақытпен бірге дамып, жаңғырып отырады екен. Мұны біз қытайдың немесе түріктердің және еуропалықтардың киім үлгілерінен-ақ ұғына аламыз. Демек, жеңіл өнеркәсіпті дамытамыз десек, ең бірінші кезекте қазақтың ұлттық киім үлгілері мен нақыштарын барынша пайдалануға және неғұрлым арзан бо-луына күш салар болсақ, олардың өтімділігі де күрт күшейер еді. Міне, бұл ертегі де емес, қиял да емес, инвестиция тартпай-ақ жекелеген адамдарға киім тігуге және оны өткізуге қамқорлық жасау арқылы-ақ жүзеге асыруға болатын іс қой.
Демек, ұлттық киімнің жоғары сән үлгісі емес, қымбат емес, арзан да қонымды түрлеріне байқау жариялауға болады ғой. Басқаша айтқанда, бүкіл халық сатып алып киіп жүретіндей киім үлгілерін жасап сауда-саттыққа шығаратын болсақ, олар сөз жоқ шетел тауарларын ығыстыратыны анық. Бұл арада, әрине, балалардың, жастардың, қыз-келіншектердің, орта жастағылардың, қарттардың әрі арзан, әрі қонымды киім үлгілері қазіргі талғамға сай жасалуы тиіс қой. Сондай-ақ, бір айта кететін жайт, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әскерилердің киім үлгісінің қазақстандық ерекшелігі болуына мән бергені, киім үлгілерін мұқият көріп, таңдау жасағанын телеарнадан көрдік емес пе? Сондағы байқаулар барысында, «Мирас», «Диана плюс», «Сәуле», «Гауһар» ұлттық компаниялары отандық әскерге арнап киім тігумен шұғылданды. Міне, осындай тәжірибені де кеңінен қолданып кәсіпорындар ашуға болады. Мәселен, қазіргі мектептің бірінші сыныбына барған ұл балалар еуропалық шенеуніктер киетін костюм үлгілері мен мойындарына қылқына галстук байлайтыны тіпті қолапайсыз жайт қой. Кеңес заманында балалардың жүріс-тұрысына қонымды, спорттық киім үлгісіне ұқсас оқушы киімдерінің түрлері болды емес пе? Демек, мектепте бастауыш мектеп оқушыларының, тоғызжылдық мектеп оқушыларының, орта мектеп оқушыларының, лицейлер мен колледждердің, кәсіптік-техникалық оқу орындарына өздеріне тән ерекше ұлттық сән үлгілері тұрғысында тігілген киімдерді кигізсек дегендей тілектерді мұғалімдер мен ата-аналардан жиі естіп жүрміз. Демек, халқымыздың осындай талап-тілегіне құлақ асқан жағдайда жеңіл өнеркәсіп дамуға бет алатыны сөзсіз.
Қуанбек БОҚАЕВ
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
«Айқын» газеті