Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 23 Мамыр, 2012 сағат 07:02

«ШЕТПЕ ІСІ»: «СОТ ОЙЫНЫ» СОТТАЛУШЫЛАРДЫ ЕКІГЕ БӨЛДІ...

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтау қаласында 21 мамыр күні өткен сот отырысында «Шетпе ісі» бойынша сот үкімі жарияланған.

Сот залы қарарпайым азаматтармен қатар полицейлерге де толы болған. Соның ішінде қазір есімі жұртшылыққа өткен жылдың 16 желтоқсаны күні Жаңаөзеннің орталық алаңында бейбіт халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген қандықол офицер ретінде кеңінен танымал  болған полицей, Маңғыстау облысы ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов та залға бірнеше рет бас сұққан.

Судья Бердібек Мырзабеков залға кірген бойда үкімді оқи бастаған. Оның формалды бөлігін оқу бір сағатқа созылған, ал қорытынды бөлігінің мазмұны мынаған сайған.

Сот Мырзатаев Жұмабекті (ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жүрген) кінәлі деп мойындамаған.

Сот мына сотталушыларды кінәлі деп мойындап, бірақ амнистия туралы заңға сәйкес сот залында босатқан: Жылқышиевті, Сәдіғұловты, Төлеевті, Төлеуовты, Дұрысбаевты, Әдиевті (барлығы да тұтқында болған).

Сот Ермұқанұлын 3 жылға (оның 2 жылы - шартты), Сабырбаевты - 4 жылға (жалпы режимді колонияға), Мәмбетовты - 5 жылға (жалпы режимді колонияға), Бақытжанды - 5 жылға (жалпы режимді колонияға), Әуезовты - 7 жылға (қатаң режимді колонияға) соттаған.

Сондай-ақ, сот төменде аталған жәбірленушілер пайдасына Мырзатаевтан басқа 11 сотталушыдан мынадай сомаларды өндіріп алу жөнінде қаулы шығарған:

ҚТЖ АҚ - 2952153 теңге, «Жолаушылар тасымалы» АҚ - 14021750 теңге, «Локомотив» АҚ - 1594915 теңге, басқа жәбірленушілер пайдасына жалпы сомасы 20 миллион теңге.

Әрине, соттың «Шетпе ісі» бойынша сотталушылардың біреуін кінәсі жоқ болғандықтан, алтауын амнистияға байланысты жазадан босатып, «тек» бесеуіне «ғана» 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарғандығы, бір қарағанда, бұл іске қатысты «объективтілік» пен «әділеттілік» принциптерін сақтағандай болып көрінуі әбден ықтимал. Алайда, егер аталған 12 адамның 12-сі де шын мәнінде бейкүнә адамдар екендігін ескерсек, бұл жерде ешқандай объективтілік пен әділеттіліктің ізі де жоқ, тек «сот ойыны» ғана бар екендігін түсіну де аса қиындыққа соқпасы анық. Осыған орай - «Шетпе ісі» алдағы қалған аз уақыт ішінде «Жаңаөзен ісіне» қатысты да жүзеге асырылуға тиіс келесі «сот ойынының» «репетициясы» болып шығуы мүмкін деген күдік мазалайды. Яғни, ол сот процесінің қорытындысында шығарылатын үкімдер де шамамен осы «пропорцияларда» болуы ғажап емес.

Ал, енді мына сотта барлық 12 адам кінәсіз болса да, «сот ойынының» салдарынан біреулерінің азаттық алып, екіншілерінің жазалануы - бұл, cөз жоқ, олардың өздерін де, туыстарын да психологиялық тұрғыда екіге бөлген өте ауыр жағдай болғандығы - өз алдына бөлек әңгіме тақырыбы...

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 22-мамыры

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407