Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3070 13 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 12:20

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер: Вакцинадан қорқудың қажеті жоқ

Ақмола облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина тұрғындарды әлеуметтік желілердегі жалған хабарларға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ сырқаттанғандар санының көбеюі жаппай вакцинациямен байланысты деген пікірді жоққа шығарды. Бұл туралы baq.kzке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

Шілде айының басынан бері ең көп өсім Көкшетауда (46 жағдай), Бұланды (26 жағдай), Бурабай (20 жағдай), Ақкөл (10 жағдай) аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 140 адамды құрады. Оның 90%- ында вирустың айқын белгілері бар.

"Бүгінгі таңда төсек қорының жүктемесі 35%-дан 52%-ға дейін артты. 77 науқас реанимацияда, төртеуі өте ауыр жағдайда. 76 жүкті әйел ем алуда, оның 42-сі (55%) стационарларға жатқызылды. КВИ (ЖРВИ және пневмония) күдігі бар өтініштер саны екі есеге артты. Тұрғындар бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты карантин шараларын сақтамай, көпшілік жиналатын орындарға баруды жалғастыруда. Ал бұл аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әсер етуде", - деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

Облыста балалар арасында инфекция жұқтырғандар саны 13 есе артқан.

Соңғы аптада сырқаттанғандар саны 643-тен 892 жағдайға дейін артты. Өткен жылдың алғашқы алты айында барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының 143 жағдайы анықталса, биыл 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 818 жағдай тіркелді, - деп толықтырды Айнагүл Мусина.
Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы екпе жұмыстары Спутник V, QazVac, Xayatvaс және CoronaVac вакциналарымен жүргізіледі. Алайда қазіргі уақытта тек бірінші компонент – Спутник V ғана бар.

"Бүгінгі таңда Ұлыбритания мен Ресейде инфекция жұқтырғандар саны тәулігіне 25 мыңға жетеді. Ресейде бір тәуліктегі өлім саны - 743, ал Ұлыбританияда – 0. Бұл Ұлыбританияда вакцинацияның сәтті жүріп жатқандығына байланысты, халықтың 80%-дан астамы иммунизациядан өтті, ал Ресейде вакцинаның бірінші компонентін тек 20%-ы ғана алды. Бұл көрсеткіш коронавирусқа қарсы вакцинацияның тиімділігі мен қажеттілігін тағы да дәлелдейді", – деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, Ақмола облысында барлық вакциналардың бірінші компонентімен 177115 адам егілді, тұрғындарды вакцинамен қамту – 43%. Екінші компонентті 89372 ақмолалық алды, бұл көрсеткіш 21%-ды құрап отыр. Облыста медицина қызметкерлерінің 93%-ы, педагогтардың 69%-ы, полицейлердің 100%-ы, мемлекеттік қызметшілердің 62%-ы, ЖӨБ қызметкерлерінің 83%-ы вакцина алды. Бұл ретте медицина қызметкерлері мен полицейлер арасында сырқаттанушылық 6 және одан да көп есе төмендеген.

"Вакцинациядан кейін адамдар ауырып қалған жағдайлар бар. Бірақ көп адамдар вакцинаның бірінші компонентін алса, келесі күні маскасыз жүре беруге болады деп санайды. Вакцина алған адам вирустан қорғалады. Алайда, бірінші компонентті алғаннан кейін иммунитетті дамыту үшін 56 күн немесе бір жарым ай қажет. Осы ретте біз мониторинг жүргіздік. Екінші компонентті алғаннан кейін бізде егілген 177 мың ақмолалықтың 10-ға жуығы ғана сырқаттанды. Бірақ ешқандай вакцина 100 пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Спутник V компонентінің ағзаны 92% вирустан қорғайды. Ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты иммунитет нашар дамуы мүмкін. Екінші компонентті алғанға дейін, 56 күнге дейін ауыратындар бар. Бұл адамдардың иммунитетті әлі қалыптаспаған, егер вирустық жүктеме үлкен болса, олар ауырып қалады. Бірақ вакцинация алғандар КВИ-ді ЖРВИ және суық тию сияқты жеңіл дәрежеде қабылдайды. Облыста вакцинациядан кейінгі өлім жағдайлары тіркелген жоқ, екпе алғандардың ешқайсысы реанимацияда жатқан жоқ. Фейкке сенбеңіздер, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ", - деп атап өтті А.Мусина.

Оның мәлімдеуінше, өңірде тұрғындардың тек 21%-ы вакцинацияның толық курсын алды. Халықтың 60%-дан астамы вакцинациямен қамтылған жағдайда ғана ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл барлық шектеу шарасын алып тастауға мүмкіндік береді.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475