Ауғандық босқындар туралы...
Кезінде Сталин Әскери тұтқындар туралы Халықаралық Конвенцияға қол қоймағандығының зардабын 2-ДЖ соғыста немістерге тұтқынға түскен жауынгерлер әбден тартты..
Неміс тұтқынына түскен америкалық, ағылшын жауынгерлерінің жағдайы Кеңестік тұтқындардан әлдеқайда жақсы болды. Азапталмады, тіпті үйлерінен посылка да алып тұрды..
Ал азаптау мен аштықтан қырылған Кеңестік тұтқындардың жағдайы туралы хабардарсыздар деп ойлаймын..
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 15 желтоқсандағы N 317-I Заңымен Қазақстан Республикасы 1951 жылғы 28 шілдеде қабылданған Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылды...
Олай болса, Ауғанстан жерінен ауған босқындарға қатысты Халықаралық қауымдастық қандай талап қойса да Қазақстан орындауға міндетті..
Өмір Шыныбекұлы
Abai.kz