Қазақстан биткоин өндіруден үштікке енді
Әлемдегі биткоин өндіруде Қытайдың үлесі биыл күрт төмендеді, ал Қазақстанда ол керісінше өскен. Осылайша Қазақстан Кембридж университетінің зерттеуіне сәйкес осы саладағы үшінші ірі ойыншыға айналды.
Кембридждің баламалы қаржы орталығы жариялаған зерттеу көрсеткендей, Қытайдың биткоин өндіру деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда пайыздық деңгейде азайған.
Осы кезеңде әлемдік биткоин өндіруде Қазақстанның үлесі шамамен алты есеге өсті, 1,4% -дан 8,2% -ға дейін. Сонымен қатар АҚШ 4,8% -дан 16,8% -ға дейін көтеріліп, екінші орынға шықты, ал Ресей мен Иран биткоин өндірушілердің саны бойынша төртінші және бесінші орында тұр.
Abai.kz