Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 4260 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 13:04

Канн фестивалінің бас жүлдесі «Махаббат» фильміне берілді

Канн фестивалінің «Пальма бұтағы» «Махаббат» кинотуындысын түсірген австриялық режиссер Михаэль Ханекеге бұйырды, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Фестивальдің Гран-при жүлдесін италиялық режиссер Маттео Гарроне өзінің «Реалити-шоу» атты фильмі үшін жеңіп алды. Ең үздік сценарий  Румыния елінің өкілі Кристиан Мунджудың «Белестердің артында» киносына берілді. «Түнектен соң жарық» фильмін түсірген мексикалық Карлос Рейгадас ең үздік режиссер атанды.
Томас Винтербергтің «Аңшылық» киносында ойнаған Мэдс Миккельсен «ең үздік ерлер рөлі» аталымының жеңімпазы деп танылды. Ал ең үздік әйел рөлдерінде «Белестердің артында» фильмінің актрисалары Кристина Флютур мен Космина Стратанның өнерлері еленді.

Кинофестивальдің қазылар сыйлығын британдық Кен Лоуч өзінің «Періштелер үлесі» туындысы үшін алды.

Ең үздік дебют америкалық режиссер Бен Зайтлиннің «Жабайы оңтүстіктің тағылары» атты картинасы деп танылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 313
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 335
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 436