Жексенбі, 24 Қараша 2024
4984 11 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 16:38

Цойдың қызметкерлерін "соққыға" жыққан кімдер?

Елімізде вакцина алуға қатысты екі түрлі пікір бар. Халықтың бір тобы вакцинаны қолдап, вирусты жеңудің жалғыз жолы осы десе, екінші бір тобы вакцинаға қарсы. Олар вакцина тексерістен өтпеген, адам өміріне аса қауіпті деп санайды. Міне, дәл осындай пікірді ұстанатын бір топ адам 19 шілде күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы Денсаулық сақтау министрлігіне барып, өз наразылықтарын білдірген. Наразылық білдірушілердің барлығы дерлік әйелдер қауымы. Наразы топқа министрлік тарапынан денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғаният және мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің өкілі Ержан Байтанаев шыққан.

Наразылық білдіруші әйелдер қауымы балаларға вакцина салуға қарсылық білдіріп, министрлік өкілдерін төмпештей кеткен. Желіде тараған видеода әйелдердің Байтанаевқа қол көтеріп, ұрып жатқаны, балағат сөз айтқаны анық байқалады. Байтанаев басын жауып, қашып кеткені де видеоға түсіп қалыпты. Болған оқиғаға қатысты министр Цой да түсініктеме берді.

"Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Көп жағдайда ол дұрыс форматта өтеді, бірақ көп ретте эмоция мен агрессияға салынған адамдар келеді. Бұл жұмыстың психологиялық тәуекелдері бар. Іште жұмыс істеп жатқан әріптестеріміз зардап шекті. Біз күш көрсету құралдарын қолдана алмаймыз. Алдына ашық шығып, сөйлесейік дедік. Кей азаматтар бізге құлақ асса, енді бірі өз пікірінен айнымады. Меніңше, олар әу бастан ызалы болды. Әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық мәселелері бар сияқты. Азаматтарды түсініп, олармен сөйлесуге тырысамыз, бірақ кейде реакция шектен шығып кетеді", - деді Алексей Цой болған оқиғаға қатысты түсініктеме бере отырып.

Қоғамда вакцина алуға қатысты пікірталас соңғы уақытта жиілеп кетті. Қоғамның бір бөлігі вакцина алуды толық қолдаса, екінші бір бөлігі елімізде вакцина таңдау мүмкіндігінің жоқтығын айтып, шағым білдіруде, ал үшінші топ мүлде вакцинаға қарсы. Вакцинация паcпортына қатысты да тау толастар емес. Тіпті президенттің өзі вакцинация паспортын жасаушыларды қатаң жазалауды тапсырып, оны ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп атады.

Abai.kz

 

 

 

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566