Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4097 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 14:01

Бізді біріктіруші күш – туған тіліміз

Мемлекеттің тұтастығы алдымен оның белгілі бір мақсаттар төңірегіне топтасуынан көрінеді. Бұл орайда Елбасы жүргізіп отырған қазіргі саясаттың орны үлкен. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - елдің даму бағытын, сол арқылы Қазақстан халқының басын бір арнаға тоғыстыратын құнды құжат болып табылады. Әр жылғы Жолдаудан әркім өзіне қатысты тұстарды жолықтырады - өз өміріне керекті талай нәрсені содан алады, жаңа да салиқалы тың идеяларға тап болады. Биылғы Жолдауда да сондай сындарлы тұстар өте көп. Жолдауды мұқият зерделеген адам өзіне нақты өмірлік бағдар табады. Нақтырақ айтқанда, жаңа бір көкжиек ашылып, келер күнге сенім нығаяды деуге болғандай.

Мемлекеттің тұтастығы алдымен оның белгілі бір мақсаттар төңірегіне топтасуынан көрінеді. Бұл орайда Елбасы жүргізіп отырған қазіргі саясаттың орны үлкен. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - елдің даму бағытын, сол арқылы Қазақстан халқының басын бір арнаға тоғыстыратын құнды құжат болып табылады. Әр жылғы Жолдаудан әркім өзіне қатысты тұстарды жолықтырады - өз өміріне керекті талай нәрсені содан алады, жаңа да салиқалы тың идеяларға тап болады. Биылғы Жолдауда да сондай сындарлы тұстар өте көп. Жолдауды мұқият зерделеген адам өзіне нақты өмірлік бағдар табады. Нақтырақ айтқанда, жаңа бір көкжиек ашылып, келер күнге сенім нығаяды деуге болғандай.
Қазақстан халқын біріктіретін үлкен күш - біздің тіліміз. Мемлекетіміз қазақ тілін өз мәртебесіне көтеріп, рес­пуб­ликаны мекендеп отырған халықтың басты тілі етіп заңмен бекітті. Сонымен бірге қазіргі таңда қазақ елі өркениет көшінен қалыспай, әлемдік дәрежеде қарым-қатынасқа түсіп отыр. Осы ретте Елбасымыз тілдің үштұғырлығы, оның ішінде барша қазақстандықтарды бі­ріктіретін мемлекеттік тіл жайында ұдайы айтып келеді. Елбасы ұсынған Малайзия тәжірибесін кеңінен пайда­лану төңі­регінде тұщымды ойлар өрбіді. Қазақ­станды мекендеп отырған өзге ұлт пен ұлыс өкілдеріне қазақ тілін үйретуде то­лымды тәжірибе қолдау тапты. Жас­тар­дың білім алуы, лайықты қоғамдық жұ­мысқа араласуы, еңбек етуі, қолжетімді бас­панаға ие болуы, спортпен шынығуы мә­селелері хақында да келелі ойлар ай­тыл­ды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстан халқы ассамблеясының сес­сиясында сөйлеген сөзінде тек ҚХА мү­шелеріне ғана емес, бүгінгі біздің бейбіт қоғамда өмір сүріп отырған әрбір қа­зақстандық азаматқа алдағы маңызды бағыттарды көрсетіп бергендігін айтуы­мыз керек. Тұрақтылық, Бірлік, Жаң­ғырту - бұл біздің еліміздің бүгінгі бей­несі және болашағымыздың кепілі. Нұрсұлтан Әбішұлының әр сөзі осындай нақты ұстанымдардан тұрады және уақыт өте келе, Елбасы сөзінің стратегиялық маңызы аса құнды екендігіне көзіміз жете түсетіні күмәнсіз.
Мұнан өзге, Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясы құрамындағы әрбір эт­номәдени бірлестіктердің келешекте ұстанар берік ұстанымын да айқындап берді. Әлемдік өркениетке өз бейнемізді таныту үшін ағылшын тіліне жетік бо­лып, еларалық қатынаста орыс тілінің көмегіне қалай сүйенсек, баршамыздың қазақ­стандық екендігімізді танытатын қазақ тіліне де мейлінше үлес қосып, мем­лекеттік тілдің аясын кеңейту жолында қоғам болып күш салуымыз керектігін жеткізді. Біз Президентіміздің бұл тап­сыр­масын бұлжытпай орын­дайтыны­мызға сенімдіміз. Оның айғағы ретінде, сессия кезінде үзіліске шыққан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде бір үйдің ба­лаларындай шүйіркелесіп жатқан сәтін көріп, көңіліміз бір марқайып қалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі қазақ­стан­дықтар тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Ұлтаралық бірлік - отандас­тары­мыздың басты байлығы екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, еліміздегі бірлік үдерістерін көздің қарашығындай сақтау - ортақ парызымыз. Соның ішінде «Адам түсініскенше, жылқы кісінес­кенше» деп халқымыз атап айтып кет­кендей, туған тіліміздің тұғырлы орнына қонуы айрықша маңызға ие. Қазақстан халқын біріктіруші басты факторлардың қатарына Елбасымыз мемлекеттік тілді жайдан-жай қосып отырған жоқ.
Президенттің Қазақстан халқы ас­самблеясының XIX сессиясында сөйле­ген сөзін, оның ішінде жастар туралы орамды ойлары мен пайымды пікірлерін жүрегімізге, көңілімізге қондыра отырып, қуанышты түрде қабылдадық. Қазақ­станды өз Отаным деп сүйіп, қай салада болса да жемісті еңбек етіп, тұғырлы мем­лекетіміздің мерейін өсіре жүріп, жеңіс­пен көріне білген жалынды жас­тардың асқар биіктері мен асқақ асуларға жетуі - Елбасының арқасы деп білеміз.
Біздің Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясаты мен жастар санасына салған сара жолын «тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» әрбір қазақстандықтың тату тірлікте, береке бірлікте өмір сүріп жатқан 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері, соның ішінде жас­тар да жоғары бағалайды.
Көгілдір көктеммен әр адамның мерейін асқақтататын, қуанышқа бөлейтін, пейіл-ниеттерін біріктіретін мерекелер де бірге келеді. Осы мезгілде көктен алтын күн шапақ шашса, халық та думанды сәтті асқақ рухпен өткізіп, шат-шадыман болатыны бар. Әрине, оған - еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, этностар арасындағы жібек жіптей жалғасқан өзара достық пен ынтымақ алтын арқау екендігі анық. Осындай тұрақтылық пен татулықтың негізі - тіл. Біздің қоғамдық өмірімізде мемлекеттік тілдің рөлін барынша кү­шейту, оның күнделікті тіршілікте қолданыс аясын кеңейту - өмір талабы болып отыр. Осы орайда Қазақстанның құқық қорғау органдары да,оның ішінде прокуратура қызметкерлері де мемле­кеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тілдік заңнама қағидаттарының қатаң сақталуына ерекше көңіл бөледі.
Жанна САБИРОВА,
Астана қаласының прокуроры
«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3280
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5798