Жұма, 22 Қараша 2024
Сайлау 5038 5 пікір 22 Шілде, 2021 сағат 16:58

Президент пен Қазақстан халқына үндеу

Алдағы уақытта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарапынан талқылауға ұсынылған Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасына байланысты, әкім болуға үміткер азаматтарға, Президентке, Қазақстан халқына

ҮНДЕУ

Жергілікті басқару тиімді түрде жүргізілетін болса, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болады. Өзін-өзі басқару дұрыс ұйымдастырылған жағдайда адамдардың қажеттіліктері мен талаптарына жедел кері реакция беруді, азаматтардың елдің болашағын құруға қатысуын, сондай-ақ бюджет шығындарының ашықтығын және олардың азаматтардың нақты қажеттіліктерін шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған «2030 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» тұжырымдамасы өзін-өзі басқаруды қалай ұйымдастыруға болатынына толық жауап бермейді. Оны жүзеге асырудың нақты шаралары мен нақты қағидаларының орнына іске асыру механизмі болашақта жасалатын жалпы көзқарастар ғана берілген.

Биыл өткізілетін тікелей әкімді сайлау процес мерзімінен бұрын ерте жасалып жатқан шара деп санаймыз, себебі әкімдерді сайламас бұрын жергілікті өзін-өзі басқару жұмысының құқықтық нормалары анықталуы, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары арасындағы өкілеттіктер мен міндеттердің бөлістірілуі, барлық деңгейдегі бюджетті қалыптастыру жүйесі жаслауы тиіс, әйтпесе сайлау науқаны тек кері әсер береді. Сайланған әкімдердің қолында тиісті билігі және қаржысы болмауы ықтимал, ал реформа нәтижесі үшін халық алдындағы жауапкершілік олардың мойнында болады. Бұл жағдайда әкім болуға тек бюджеттен өз үлесін алғысы келіп отырған, яғни тек өз қамын ойлаған үміткер ұмтылады. Бірде-бір кәсіби менеджер жұмыс істеу шарттары белгісіз жобаға қатыспайды.

Біз, Қазақстан Республикасының қоғамындағы белсенді азаматтары, келесідей мәлімдеме жасаймыз:

Құрметті Президент!

Біз Ұлттық экономика министрлігі ұсынған Тұжырымдаманың нұсқасын қарау және бекітуді тоқтату және оны қайта қарауға жіберу, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері мен міндеттері нақты көрсетілген қағидалар бекітілгенге дейін және нақты ережелер қабылданғанға дейін талап етеміз!

Құрметті әкім болуға үміткер азаматтар!

Қазіргі белгісіз жағдайда сіздің өкілеттіктеріңіз бен қаржылық ресурстарыңыз шектеулі болады, ал үкімет пен мемлекеттің іс-әрекеті үшін жауапкершілік толығымен сіздің мойныңызда болатынын ескертеміз!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Сіздерді жергілікті өзін-өзі басқару реформасын талқылауға және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз!

Құрметті Үкімет!

Жергілікті өзін-өзі басқару туралы тұжырымдаманы және заңнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына сарапшыларды - азаматтық қоғам өкілдерін, оның ішінде біздің қатарымыздан да сарапшыларды енгізуіңізді талап етемiз!

Біз жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау туралы өз тұжырымдамамызды дайындауға міндеттенеміз және Қазақстан халқына ғылыми түрде негізделген жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымын ұсынып, оны қоғамдық талқылауға ұсынуға дайынбыз!

Жергілікті өзін-өзі басқару – еліміздің әрбір өңірінің және тұтастай Отанымыздың өркендеуінің кепілі! Осы істі өз қолымызға алайық!

«Өзiң өзi басқарудың дамуы» қоғамдық жұмыс тобы:

Зәуреш Батталова, Әсет Наурызбаев, Александр Перегрин, Сәкен Махамбетов, Данияр Қуаншалиев, Нұрия Аширова, Қарлығаш Еженова, Петр Своик, Ажар Джандосова, Фатима Джандосова, Ермұрат Бапи.

«HAQ» азаматтық қозғалыс тобы:

Тоғжан Қожалиева, Рахимбек Абдрахманов, Еркiн Абдрахманов, Батыр Адайбаев, Парасат Демеген, Аякөз Ханетова, Болат Жұматаев, Әлkбек Жақсылыков, Азамат Шалғамбетов, Жанат Камиев, Амантай Айсұлтанұлы, Төлеген Қазбеков, Манар Қалиев, Талғат Құрманғалиев.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292