«ПОЛИЦЕЙЛЕР ІСІ»: СОТ АЯҚТАЛДЫ, СҰРАҚТАР АЗАЙҒАН ЖОҚ...
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, 2011 жылдың 16 желтоқсаны күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңында жиналған адамдарға оқ атқан полицейлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша Ақтау қаласында бүгін, 28-мамыр күні аяқталған сот процесінде үкім шығарылған.
Судья Гүлмаржан Әділсұлтани жариялаған үкімге сәйкес, Өтеғалиев - 7 жылға, Бағдабаев, Бақытқалиұлы, Жолдыбаев - 6 жылға, Есбергенов - 5 жылға бас бостандығынан айырылып, барлығы да жазаларын жалпы режимді колонияда өтейтін болып, барлығының да дүние-мүлкі тәркіленетін болып, барлығы да жазаларын өтеп шыққан соң 5 жыл бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында басшылық қызметте болу құқығынан айырылатын болған.
Енді Ақтаудағы сот процестеріне әу бастан қатысып келе жатқан біздің комитет мүшесі Макс Боқаевқа сөз берелік:

- Судья үкімді ұзақ оқыды. Ол сотталғандардың өз кінәларын мойындамағандығын, бірақ олардың кінәлары толық дәлелденгендігін айтты. Және судья сотталғандарды тура сот залында күзетке алу жөнінде нұсқау бергенімен, конвойшылар оларға қол кісен салған жоқ. Ал жуырда сотталған төрт шетпелік азамат болса, сот залына қолдарына «білезік» салулы кіріп, үкім жарияланған соң «білезікпен» шығарылған болатын. Осыған орай маған адвокаттардың бірі: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды», - деп өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, бар болғаны Жаңаөзендегі атысты тоқтатуды талап еткендігі үшін ғана «қылмысты» болған шетпеліктер мен халыққа қарсы оқ атып, қаншама адамның өмірін қиған полицейлердің мерзімдер жағынан ұқсас жаза алғандығы да еріксіз ойландырады. Яғни, сот аяқталғанмен, сұрақтар азайған жоқ...
САРБӨПЕЕВТІҢ ҮСТІНЕН СОТ ПРОЦЕСІ БАСТАЛДЫ...
Ақтаудағы сот жаңалықтары қатарында осыдан үш күн бұрын, яғни, 25-мамыр күні Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің үстінен де Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында процесc басталғандығын құлағдар ете кетелік.
Оған «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды (307-бап), «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап) деген айыптар тағылған.
Жасарал Қуанышәлин,
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің
ақпараттық топ жетекшісі.
Алматы қаласы,
2012 жылдың 28-мамыры
«Абай-ақпарат»