Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 4719 2 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 16:57

Жарқын болашақ үшін: жемқорлықпен күрес күшейді

Кез келген мемлекеттің дамуына кедергі жасап, аяқтан шалатын, өркендеу мен өсудің алдында кесе көлденең жатып, мемлекеттің құруы мен құлдырауына бастайтын басты індет – жемқорлық. Жемқорлық жеті басты айдаһар іспеттес. Оны жеңуге болады, тоқтатуға болады. Бастысы жемқорлық пен парақорлық аясында тынбай еңбек ету қажет. Сонда ғана тиісті нәтижеге қол жеткізіп, бұл індеттің азаюына себепкер боламыз.

Алматы облысы көлемі үлкен, халқы көп аймақ. Облыстың экономикалық әлеуеті аса жоғары, Қытай арқылы тауар тасудың транзиті, халық ең көп қоныстанған әсем қала Алматы да осы аймақта. Алатауды көргісі келетін туристер мен табиғатын тамашалайтын ішкі туристер саны да толастаған емес. Аймақта ауыл шаруашылығы, егін, мал шаруашылығын дамыту ілгерілеп келеді. Кей облыстарда халық саны азайып жатса, Алматы облысында керісінше көбею үстінде. Осының өзі облыстың экономикалық потенциалы мен қаржылық мүмкіндігін көрсетіп тұр. Қаржы мол жерде, адалдықты ысырып қойып, арам ақшамен қалтасын қампайтып, қарапайым халықтың несібесін ұрлайтындар да көп болады. Міне, сондықтан да облыста жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес аптасына жеті күн, күніне жиырма төрт сағат бойы тоқтаған емес. Жемқорлық пен парақорлықты толық ауыздықтағанша тоқтамайды да.

Жалпы бұл «індетпен» күресудің негізгі жүйесі ретінде елімізде жемқорлық пен парақорлықты жою мақсатында республика көлемі бойынша «Адалдық алаңдары» ашылған. Алматы облысы бойынша бұл бағытта жұмыстар қызу жүруде.

Жобаны іске асырудың негізі Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады. Жолдау аясында жемқорлықпен күресудің батыл қадамдары жасала бастады.
«Жетісу - адалдық алаңы» жобасының миссиясы - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартуды қалыптастыру және азаматтардың Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру үшін жоба келесі блоктарда жұмыс істейді:
· Күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау;
· Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
· Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Көрсетілген блоктар үшін келесі бағыттар бөлінген:
Күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және жайлы жағдай жасау білім; Денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; мемлекеттік кірістер органдары; сот және құқық қорғау органдары; бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру төмендегідей іске асады:
· Қоғамдық бақылау картасы;
· Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы;
· Мемлекеттік сатып алу мониторингі.

Жалпы облыс халқын, аудандар мен ауыл халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен ақпараттық жұмыс артып келеді. Әр аймақта «Адалдық алаңдарының» офистері ашылып, олар халықты парақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру жолында жұмыстар жасауда. Атап айтқанда ауыл, аудан, қала халқымен кездесулер болып, арнайы тренингтер, семинарлар оқытылады. Онда парақорлық, жемқорлық фактілерін білген жағдайда анонимді кейіпте қалай хабар беру керектігі айтылады. Халықты ақпараттандыру барысында түрлі роликтер жасалып, үлестірме қағаздар таратылады. Бұл әрине өзінің оң әсерін береді. Себебі адам визуалды ақпаратты көбіне тез қабылдайды.

Тек қана ақпараттық бағытта емес, шынайы істер де жүзеге асуда. Мысалы күні кеше ғана Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің басшысы мен мердігердің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен ұсталды. Мемлекеттік қызметкер 14 миллионнан астам теңгені қайтарып алу (откат) ретінде алған.

«Бөлім бастығы ЖШС басшылығынан келісімшарт сомасының 15 пайызы мөлшерінде қайтарым (откат) ретінде бұрын келісілген 90 миллион теңгенің 33 500 доллары (14 304 500 теңге) көлемінде пара алды деп күдіктелуде. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан объектіде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді жеңімпаз деп тану және одан әрі кедергісіз қабылдау үшін аймақтағы объектінің құрылысына облыс бойынша 666 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген еді», - делінген хабарламада.

Жалпы дәл осындай фактілер нақты жеткілікті. Білім беру, медицина, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, жол мен үй құрылысын салу және тағы басқа салада жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес күшейді. Білім беру саласында білім басқармалары үнемі тексерілу үстінде, ал медицина саласында коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қаншалықты тиімді игеріліп жатқаны, қолдан ПТР тест жасау мен вакцинация паспортын жасаушыларды анықтау күні-түні жүріп жатыр. Жол және үй құрылысының сапасын тексеру, оны үнемі қадағалап отыру маңызды. Себебі бір кірпіштің қаржысы жымқырылса, ертең үй құлап, көпір сұлап, жол опырылып қалуы ғажам емес. Сондықтан Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары оны жақсы түсініп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1531
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5980