Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Билік 5180 5 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 11:19

Тәуелсіздік жылдары халық бірінші рет ауыл әкімдерін сайлауға қол жеткізді

Бүгін елімізде ауыл әкімдерін сайлау басталды. Осынау саяси науқанға байланысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікірін білдірді.

Бүгін Қазақстанның саяси тарихында мәні зор, мағынасы терең іс-шара болып жатыр. Саяси аренада бірінші рет аудандық деңгейдегі ауыл, кент, қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде.

- Республиканың 14 облысының 176 ауданында 730 ауыл әкімі сайлануда, жылдың аяғына дейін 775 әкім сайланады деп күтіліп отыр, - деп жазды ол.

Саиров бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының практикалық көрінісі екенін атап өтті.

Елімізде бірте-бірте, эволюциялық жолмен қоғамдық-саяси өзгерістер болып жатыр.

- Республика бойынша сайлаға қатысу үшін 2 582 адам кандидат ретінде ұсынылып, 2 297 тіркеуден өтті. Сайлауға елімізде тіркелген барлық партия қатысып жатыр, - деді Ерлан Саиров.

Айтуынша, 878 (38,2%) үміткерді партиялар ұсынған. Ал қалған кандидаттардың басым көпшілігі, яғни 1 419 (61,8%) өзін-өзі ұсынушылар. Яғни азаматтар бұл сайлауды өзінің азаматтық позициясын білдіруге нақты мүмкіндік екендігін түсініп отырғанын айтты.

Қоғамдық-саяси реформалар аймақтарда өтуі тиіс, өйткені Қазақстан аймақтардан тұрады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Ауыл әкімдерінің сайлауы біздегі демократияны дамытудағы маңызды қадам». Бұл реформалар мемлекет аппаратының аудан, ауыл деңгейіндегі жауапкершілікті жіктеуді жүйелеуі тиіс. Бұл қадам азаматтардың, қоғамның саяси мәдениетін арттыра отырып, елімізде саяси плюрализм принциптерін арттыруға септігін тигізері сөзсіз, - деп атап өтті депутат.

Ерлан Саировтың айтуынша, Батыс әлемінің қарышты дамуының басты триггерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқару принциптері екендігі белгілі.

- Бұл сайлау - Қазақстанда осы өзін-өзі басқару принциптерінің алғышарты. Сонымен бірге Тәуелсіздік жылдары халық бірінші рет, жаппай, өздерінің әкімдерін тікелей сайлап алуға қолы жетіп отыр. Өте үлкен прогрессивті қадам. Біздің көзімізше тарихи оқиға орын алып жатыр, - деп толықтырды ол.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839