Процедура кабинеттеріне жоламаңызшы!
Кеше Шымкентте 21 науқас қайтыс болды. 21 отбасы қара жамылды
Әр өлім жіті тексеріледі. Қашан ауыра бастады? Қайда емделді? Қандай дәрі ішті, не екті? Басқа қандай аурулары бар? Әр науқасты өлімге әкелген история жазылады.
Қайтыс болғандардың шамамен 80 пайызы ия үйде, ия мынадай процедура кабинеттерінде емделіп, ауруы асқынып, бір апта, он күннен кейін ауруханаларға түсіп жатыр.
Қазір Шымкентте көптеген дәріханалардың жанында процедура кабинеттері ашылған. Укол салады, система қояды.
Дәріханаға келесіз де, “Қызуым көтеріліп тұр еді” десеңіз, дәріханашы “мынаны салдырып алсаңыз, жазылып кетесіз” деп дәрі береді.
Немесе. Процедура кабинеттерінде соңғы протоколдардан хабары жоқ бір дәрігер отырады.
Оңды-солды назначение береді. Бір жаман жері, назначение жазған жерге мөр қоймайды, өз аты-жөнін жазбайды.
Процедура кабинетінде бес-алты адам жатады. Бірі жөтеліп, бірі түшкіріп дегендей… Онда вентиляция жоқ. Сау адам ауру жұқтыруы мүмкін.
Қадірлі дос, өтініш, процедура кабинеттеріне жоламаңызшы!
Аурудың көп таралатын жері процедура кабинеттері. Ауыра қалсаңыз, 103-ке хабарласыңыз.
Шыңғыс Мұқан
Abai.kz