Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4725 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:03

Қазақстанда алғаш рет баланың жілік майы ауыстырылды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет баланың жілік майын аллогендік (басқа адамнан) жолмен ауыстыру операциясы жасалды.

Жақын арада 14 жасар Николай Пшенянов үйге бара алады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық ана мен бала орталығында өткен брифингте «Ұлттық медициналық холдинг»  АҚ басқарма басшысының орынбасары Ләззат Ақтаева мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгін Николайдың жілік майы толығымен бітіп кетті. «Оны зертхана мамандары растады. Сондықтан Коля емделді деп айтуға болады. Қазіргі кезде оның жағдайы жақсы, үйге баруға дайындалып жатыр», - дейді Л.Ақтаева.

Кішкентай Николайдың жілік майын ауыстыру отасы ағымдағы жылы сәуірдің 23-і күні арнайы шеберлік сабақтары аясында жасалған болатын. Оған Раиса Горбачева атындағы Балалар трансплантологиясы мен гематологиясы институтының кәсіби маманы Сергей Бондаренко және Астана қаласындағы Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері қатысты.

Айта кеткен жөн, бүгінде жілік майын ауыстырудың бір операциясы 150 мың доллардан басталады. Қазақстанда жыл сайын 30-50 бала осындай отаға зәру болады.

0 пікір