Бакиев Қырғызстанға барса қамауға алынады
Егер бұрынғы президент Құрманбек Бакиев Қырғызстанға барса немесе оны құқық қорғау органдары әкелсе, ол ол бес жыл бұрынғы сот үкімінің негізінде бірден қамауға алынады. Бұл туралы Қырғызстанның Бас прокуратурасы хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осыдан бес жыл бұрын, 2016 жылдың 29 шілдесінде Бакиев сырттай айыпталып, 2010 жылдың 7 сәуіріндегі оқиғалар мен басқа да эпизодтар үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылған.
2010 жылдың 7 сәуірінде Құрманбек Бакиев бастаған үкімет Қырғызстанда 87 адам қаза тапқан халықтық көтерілістен кейін құлатылды. Бұрынғы президент отбасымен шетелге қашып кеткен, қазір Беларусьте тұрады.
Бас прокуратура бұрынғы президент Асқар Ақаевтың Бішкекке "Құмтөр ісі" бойынша әкелінгенін, қазір тергеумен белсенді ынтымақтастықта екенін айтты.
Айта кетейік, Құрманбек Бакиев 2005 жылының шілде айының 10-ында өткен президенттік сайлауда ресми деректер бойынша сайлаушылардың 88% алып, сайлауда жеңген. 2005 жылының тамыздың 15-інде Бәкиевтің инаугурациясы өткен.
2009 жылы екінші мерзімге сайланған. 2010 жылының сәуірдің 7-ісінде болған қанды оқиғалардан кейін орнынан кетуге мәжбүр болды.
Abai.kz