Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5469 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:09

Алматыда жарамсыз қағаздарды қабылдайтын бекет ашылды

АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстан қағазы» АҚ қала тұрғындарынан жарамсыз қағаздарды қабылдайтын бірінші бекетін ашты.

Ол Тимирязев пен  Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Атакент»  іскерлік көрме орталығы аймағында орналасқан. Бұл Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын ілкі жоба шеңберінде «Қазақстан қағазы» компаниялар тобы ашатын бес бекеттің алғашқысы  болып табылады.

«Бірінші кезекте, Алматы қаласы әкімдігінің біздің бастамаға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Олардың қолдауынсыз осы жобаны іске асыру мүмкін болмас еді. Алдағы уақытта бүкіл қала аумағында жарамсыз қағаздарды қабылдайтын осындай бекеттердің желісі жасалады. Сондай-ақ келешекте еліміздің барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде осындай бекеттерді ашу жоспарланып отыр», - дейді топтың бас директоры Таисия Когутюк. Оның айтуынша, бұл бекеттің ашылуы жақын аймақта орналасқан үйлердің тұрғындары және  кәсіпорындар мен кеңселер қызметкерлеріне ақылы негізде өздеріне қажетсіз  жарамсыз қағаздарды тапсыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар босқа рәсуа болып  жүрген қалдықтардың көлемін азайтып, қоршаған ортаны жақсартуға әсер етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036